Наурыз мейрамы Астанада қалай тойланады?

Әкімдік Наурыз мейрамына арналған шаралар бағдарламасын жариялады.

Malim Админ

  • 14.03.2024

Астана қаласының әкімдігі Наурыз мейрамына арналған шаралар бағдарламасын жариялады,  деп хабарлайды malim.kz.

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында елордада 200-ге жуық іс-шара - концерт, мерекелік бағдарлама, көрме, қойылым, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс және т.б. ұйымдастырылады.

14 наурыз – Көрісу күні

  • Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Сол бір кез» ретро концерті;
  •  «Жастар» сарайында «Наурыз Jaz Zhiger» Жігер ансамблінің концерті;
  • Астана Опера театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында «Тал бесіктен – жер бесікке» концерті;
  • Музыкалық жас көрермен, «Жастар», М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қойылымдар өткізіледі.

15 наурыз - Қайырымдылық күні

  • Алматы ауданында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ, мерекелік сусын – Наурыз көже үлестірілмек;
  • «Жанашыр» қарттар үйінде;
  •  №2 көпшілік кітапханада;
  • Қуыршақ театрында;
  •  «Жастар» театрында;
  • Нұра ауданында түрлі іс-шара жоспарланып отыр.
  • Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Наурыз айы туғанда» концерті өтеді;
  • 180-ге жуық мұқтаж адамға азық-түлік себеті тапсырылады;
  •  «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы волонтерлері тарапынан тұрғындарға бауырсақ пен шоколад таратылады.

16 наурыз  - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

  •  Музыкалық мектептерде, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ұлттық танымдық іс-шаралар өтеді;
  • Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Жетісу әуендері» концерті;
  • Қуыршақ театрында «Ер Төстік» қойылымы;
  • Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» драмасы ұйымдастырылып отыр;
  • Жұрт көп жиналатын орындарда Наурыз мейрамына арналған түрлі мерекелік іс-шара, флешмоб өтеді.

17 наурызда - Шаңырақ күні

  • «Бәйтерек» монументі алдында ұлттық киім киген жастардың некелерін қию салтанаты өткізіліп, көпшілікке сыйлы ақсақалдар мен көпбалалы аналар бата береді;
  • Музыкалық жас көрермен театрында «Ғашық-Жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында театр қабырғасында отау құрған 14 жұппен кездесу ұйымдастырылады;
  •  «Жастар» театрында Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» қойылымы;
  • Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары-2» драмасы өткізіледі;
  • Ал перинаталдық орталық пен ауруханаларда жаңа туған сәбилердің ата-аналарын құттықтау іс-шаралары өтеді.

18 наурыз  - Ұлттық киім күні

  • «Sana» қосымша білім беру орталығында ұлттық киімдердің көрмесі, оқушыларға арналған ұлттық киімдердің тарихы мен идеологиясы туралы насихат сағаттары ұйымдастырылады;
  •  «Атамекен» Қазақстан картасы Мемлекеттік бас туының алдында Мәдениет қайраткерлерінің, танымал өнер жұлдыздарының, театр әртістерінің қатысуымен «Ұлттық киім күні» тақырыбына арналған челленджі өтеді;

19 наурыз – Жаңару күні

  • Бейбітшілік пен келісім сарайында ұлттық құндылықтарды дамытуға және танымал етуге елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін марапаттауға арналған «Наурыз Ұлттық сыйлығы» өтеді;
  • Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Қанат Жүністің «Алаш жолы» драмасы қойылады;

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

  • Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлерінің арасында тоғыз құмалақтан турнир өтеді;
  • Арғымақ кешенінде Ұлттық спорт түрлерінен (аударыспақ, тенге ілу, қыз қуу, көкпар, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ) жарыс ұйымдастырылады.

21 наурыз – Ынтымақ күні

  • Қалалық алаңда, EXPO аумағында, «Қазақ елі» монументінің алаңында, «Бәйтерек» монументі алаңында, Орталық парк және қаланың шеткі аумақтарында Наурыз – береке бастауы іс-шаралары ұйымдастырылады;
  •  Халықаралық көрме орталығында көшпелі өркениет фестивалі және Ататүрік саябағында «Қош келдің, Әз-Наурыз» театрландырылған қойылым, қаланың орталық алаңында «Рухты тіл, қазыналы дәстүр» бесік жыры байқауы өтеді;
  • Қуыршақ театрында, Музыкалық жас көрермен театрында, Жастар сарайында түрлі қойылымдар қойылады.

22 наурыз – Жыл басы

«Наурыз – береке бастауы» іс-шаралары

  • Халықаралық көрме орталығындағы көшпелі өркениеттер фестивалі өтеді;
  • Жазушылар аллеясы, Есіл өзенінің бойындағы саябақ, «Көктал» саябағы, «Қорғалжын» саябағы секілді өзге де орындарда Наурыз мерекесіне арналған түрлі іс-шаралар өтеді.

23 наурыз – Тазару күні

  • Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасы жұртшылыққа жол тартады.
  • «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандарында қала тұрғындарының қатысуымен тазалық акциясы өткізіледі;
  • «Жер Сағаты» сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өткізіледі халықаралық экологиялық акциясы ұйымдастырылады;
  • «Тазалық эстафетасы» аясында елордада «Тазару» жалпы қалалық экологиялық акциясы жоспарлануда. 

Нұра ауданының бастамасымен елордада «Армандар шаңырағы» әлеуметтік акциясы басталды. Оның аясында елордалық меценаттар мен кәсіпкерлер Нұра ауданының 70 баласының арманын орындайды. Олар балаларға 21 наурызға дейін сыйлықтар табыстайды.

 

Фото: Астана әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

02.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

02.05.2024

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

02.05.2024

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

Қайрат Нұртас балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024
MalimBlocks
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астанада 3 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, қар жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Бүгін тараптардың жарыссөзы болуы керек. 

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Қайрат Нұртас балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.