Сандуғаш Парманова:  Ұстаздарды дамыған елдерге тәжірибе алмасуға жіберу керек 

Олжас Қасым

  • 26.06.2023

Сандуғаш Қуанышбекқызы – үлгілі ұстаз, педагог-шебер. Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігінің Д.Қонаев атындағы N66 мектеп-лицейінде математика пәнінен сабақ  береді. Елеулі еңбегі ескеріліп, «Үздік педагог-2020»,  Білім беру ісінің құрметті қызметкері атағымен марапатталған.     

- Бауыржан Момышұлы   ұстаздық міндетке  ұлы құрмет деп қараған.  Себебі, өскелең ұрпақты мұғалім тәрбиелейді. Ел басқарар алғадай  басшыны да, данагөй,  ғалымды да,   кенші мен егіншіні  де ұстаз өсіреді», – дейді.     Десек те, бұрынғы кездерде ұстаз мәртебесі, қоғамдағы орны қандай еді, қазір қалай?    

- Бұрынғымен салыстырсақ, қазір ұстаздардың жағдайы жақсы. Бітпейтін ұзын-сонар есеп-қағаздарды жазып тапсырмайды, қағазбастылық азайды, жұмыстан кейінгі уақытта үй араламайды, сенбілікке шықпайды, концерттерге адам санын толтыру мақсатында жиналмайды, қазір ата-аналардың жөн-жосықсыз айқай шығаруы азайды. Ұстаздар қазір мектеп әкімшілігіне тәуелсіз түрлі бағдарламаларға, конкурстарға қатыса алады. Мысалы, шетелге «Болашақ» бағдарламасымен магистратураға оқуға, республикалық «Үздік педагог» конкурсына қатысу өз еркілерінде және қашықтықтан құжат тапсырып, өтінім бере алады. Балаларды оқытуда шығармашылық еркіндік бар, сабақ өтуде түрлі әдіс-тәслідерді қолдана алады. Жылда мұғалім еңбекақысы жүйелі түрде 25% ға өсуде. Өзінің кәсәби деңгейін көтеріп, осы өсімақыға сәйкес келе алған мұғалім материалдық ахуалын ретке келтірді. Педагог мәртебесі туралы Заң қабылданды. Бұл Заңның қабылдануы – қоғамда мұғалім мерейін өсірді, ұстаздардың намысы мен қадір-қасиетін қорғауға жол ашты. 

- Кейінгі жылдары мұғалімдердің мәртебесі көтерілгені белгілі. Сонымен қатар, еңбекақысы да әжептәуір көбейді. Сіздің ойыңызша, ұстаздың рөлін күшейту үшін тағы қандай қадамдар жасалуы тиіс?

- Көп ұстаздар жасап жүрген еңбектері көп болса да, өздерін жарияламай, өз аттарын танытуға тырыспайды. Олар өз жұмыстарын өз міндеті деп біледі, ешкімнен ешнәрсе күтпейді. Осындай ұстаздарды елге танытып, мәртебесін өсіру керек деп ойлаймын. Марапаттап, құрмет көрсету керек деп ойлаймын.

Ұстаздардың кәсіби дамуына көп жағдайлар жасалса, мысалы ұстаздар білім сапасы жоғары, дамыған елдерге жиі тәжірибе алмасуға баратын болса, шетел ұстаздарымен бірге жас ұрпаққа пайдасы болатын жобаларды бірге  жасаса дейміз. 

Мемлекеттік бағдарламалар шықса деген тілегіміз бар. Мысалы, төмен пайызбен үй, көлік алуға, материалдық жағдайын жақсартуға сеп болатын еді. 

Зейнетке шыққан ұстаздарға ем алуға, демалуға арнайы бағдарлама жасалса жөн. Себебі, ұстаз ұлтты тәрбиелейді.     

- Мұғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым-қатынасы, білім-білігі, өзін-өзі дұрыс ұстауы, киім-киісі, жүріс-тұрысы, әрбір қимыл-әрекетіне дейін жағымды әсер қалдырауы тиіс.  Сіз осы сипаттарды бүгінгі ұстаздар бойынан байқай алып жүрсіз бе? 

- Иә, бүгінгі ұстаздар деп мен өзімді, менің әріптестерімді айтатын болсам, педагогикалық әдепті сақтайтын, әр сөзінің мән-мағынасы бар, киімі де, жүріс-тұрысы да дұрыс, иманды, инабатты, жоғары тәрбиелі  деп білемін. Ұстаздар жұмыс жасауға, жүріп-тұруға ыңғайлы киімді таңдайды, мысалы, кроссовка киеді, тағы басқа. Кейбір ұстаздардың  өз имидждерін, киіну стилін де байқаймыз. Әр ұстаздың киім-киісі, жүріс-тұрысы педагогтың болмысына көлеңке түсірмейді.  Себебі, олар жас ұрпаққа  үлгі екенін біледі.

- Ұстаз туралы жақсы пікірді ата-аналар да  қалыптастыратыны даусыз. Осы ретте ата-аналарға қандай ұсыныс-кеңес айтасыз?

- Әр ұстаз алдындағы шәкірттерін өз баласынан артық көрмесе, кем көрмейді. Өз уақытын аямай, әр баланы білім нәрімен сусындап, дарынын, ерекшелігін ашуға, білімді, табысты тұлға болып қалыптасуына барлық күш жігерін салады.  Ата-аналар ұстаздарға сенім мен қолдау көрсетіп, тығыз қарым-қатынаста болып, жас ұрпақты дамытуда бірге ынтымақтастықта жұмыс жасау керек деп ойлаймын.

- Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет!

                        

Байланысты жаналықтар

Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды

03.09.2024

Құран үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлаған

13.06.2024

«Қатынды бастан»: Имамның әйелді ұру туралы айтқан сөзі көпшілікті ашуландырды (ВИДЕО)

09.04.2024

Педагог:  Мақсатым – мұғалімдікті брендке айналдыру 

07.08.2023

Г.Сайынқызы: Мұғалім – өнеге иесі

27.07.2023

Профессор: «Баланы жанын салып оқытатын ұстаздар сирек болмауы керек»

23.06.2023
MalimBlocks
Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды

Құран үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлаған

Екі қыз мұғалім оларды жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлегенін айтты.

«Қатынды бастан»: Имамның әйелді ұру туралы айтқан сөзі көпшілікті ашуландырды (ВИДЕО)

Қазақтың үйінде неге қамшы ілініп тұрған?

Педагог:  Мақсатым – мұғалімдікті брендке айналдыру 

Мұғалім мәртебесі деген ұғымды қатты драматизациялап жіберетін секілдіміз

Г.Сайынқызы: Мұғалім – өнеге иесі

Профессор: «Баланы жанын салып оқытатын ұстаздар сирек болмауы керек»

Мұғалімнің киім киісі, жүріс-тұрысы, адамдармен сыпайы қарым-қатынасы оқушыларға ғана емес, біздердің ата-аналарымызға да үлгі-өнеге болатын