Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды

Арман Қайыпхан

  • 03.09.2024

Астана қаласының Білім басқармасы тарих пәні мұғаліміне "мұғалім-модератор" біліктілік санатын беруден бас тартқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоғарғы сот таратқан ақпаратқа сәйкес педагогтерді аттестаттау 5 жылда бір реттен кем емес өткізілетіндігі негізге келтіріліп, арыз қанағаттандырылмаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес арыз иесінің 5 жылдық мұғалімдік өтілі болмаған. Бұл шешіммен келіспеген мұғалім қорғау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген. 

Істі қарау кезінде сот келесі жайтты анықтады. Педагогтерді аттестаттау ережелері мен талаптарына сәйкес біліктілік санатын беруге өтінішті 2 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар бере алады. Талап қоюшының еңбек өтілін зерделеу оның 2 жылдан астам мұғалімдік тәжірибесі бар екенін растады. Сот талап қоюшының біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келді. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Ол заңдылықтың негізгі қағидасын бұза отырып шығарылған, өйткені заңда екі жылдық жұмыс өтілі туралы талап тікелей қарастырылған. Мұғалімнің санатты жоғарылату құқығы қалпына келтірілді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды