Сыр өңіріндегі археологиялық зерттеулер

Malim Админ

  • 22.02.2024

Сыр өңірі тасын түртсең тарихы сөйлейтін киелі мекен. Ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе, Бәбіш мола секілді қалашықтар осы сөзіміздің айқын дәлелі. Өткеннен сыр шертетін тарихи орындарға зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар тың дерекке тап болды.Ол Бәбіш мола қалашығындағы мәніжат орны. Біздің заманымызға дейінгі 4-2 ғасырда өркендеген Бәбіш мола қалашығында археологиялық зерттеу 2018 жылы қолға алынған. Нәтижесінде тарихи нысан жөнінде тың деректер табылып, осы маңнан 200-ден аса елді-мекен  анықталған. Бұл көне шаһардың тарихы тереңде жатқанын аңғартады. Археологтар   қазба жұмыстары барысында тағы бір жаңалық ашып отыр. Қалашықтың әкімшілігінен жарты шақырым жерде мінәжат орыны болған.  

«Үлкен құрылыстың орнын таптық. Басында не екенін түсінген жоқпыз. Қоршау ма деп те ойладық. Кейін қазып, ашқаннан кейін белгілі болып жатыр. Бұл ғұрыптық табынушылық орын екендігі. Бұған дейін үлкен-үлкен мавзолейлер зерттелген болатын. Бірақ, мұндай ғибадат орны бірінші рет ашылып отыр десек қателеспейміз. Бұның бір ерекшелігі, төрт бұрышты. Архитектуралық құрылысы жоғары бағаланған. Ортасында үстелі бар. Кіре беріс ауызы солтүстікке қараған. Табалдырығына дейін сақталған. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 1,5-2 метрге дейін сақталған. Ал, биіктігі 50-80 см болады», -дейді   тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Мар­ғұлан атындағы археология институтының бөлім жетекшісі Жанболат Утубаев.       

Бұрынырақта Бәбіш мола қалашығы төңірегінен көзешілер қонысы  табылған еді. Яғни,  оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде қыш-құмыра өндіретін арнайы орын болған. Оны қазу барысында 11 қыш күйдіретін пеш, 7 шеберхана мен тұрғын үйдің орны анықталды. Енді, ғалымдар сол кезеңдегі қыш күйдіретін түріне ұқсатып өздері де пеш жасапты.  Осылайша құмыралардың қалай, неден жасалғанын білуді көздейді.   

«Қыш ыдыстарды әзірлеу, күйдірудегі мақсатымыз - қазба барысында табылған ертедегі қыш ыдыстар менен бүгінгі кездегі осы жергілікті өңірдің сазын пайдалана отырып, қоспаларды қосу арқылы сол кездегі қазба жұмысы кезінде анықталған қыш ыдыстар менен бүгінгі таңдағы біз өзіміз жасап жатқан ыдыстардың қоспаларын салыстыру. Енді басқа дерек жоқ. Мүмкін, тезекпен, органикалық затпен күйдірілген шығар деген мақсатпен қыш ыдыстарын күйдіру, жасауды жолға қойып отымрыз», - деп түсіндіреді  археология институтының ғылыми қызметкері, phd доктор Мақпал Сүйіндікова.   

Бұдан бөлек, биыл аймақта 2 тарихи нысанда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңақорған ауданындағы «Сығанақ», Қазалыдағы «Жанкент» қалашығына зерттеу жұмыстарын жүргізуге облыс қазынасынан қаржы қарастырылған.

Айта кету керек,  қазба жұмыстарын жүргізуге елімізге белгілі археолог Жанболат Утубаев пен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының, сондай-ақ Ресейдегі Шығыс музейінің мамандары тартылған.     

Байланысты жаналықтар

Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

20.02.2025

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

18.02.2025

"Боран" қандай фильм?

18.02.2025

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

18.02.2025

Анам айтқан жалған сөздер

14.02.2025

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры

14.02.2025
MalimBlocks
Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

Әйгілі Rolling Stone журналы мақала жариялады

"Боран" қандай фильм?

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

Анам айтқан жалған сөздер

Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры