«Уақыты келді емес пе?»: Жұлдыз Әбдікәрімова қазақ тіліндегі кітаптар жайлы мәселе қозғады

Актриса кітап дүкеніне барып қиындыққа тап болғанын айтады

Сабина Асқарқызы

  • 05.06.2024

Қазақстандық театр және кино актрисасы Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-да жазба жариялап, қазақ әдебиеті мен кинематографы жайлы ойын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Төрт баланың анасы жақында кітап дүкеніне барғанын айтты. Ол балаларымен бірге қазақ тілінде роман, проза және қиял-ғажайып жанрында жазылған кітаптар сатып алуға келіскен, алайда қиындыққа тап болыпты.

Балалармен кітап дүкеніне бардым…

Келісім бойынша қазақ тілді роман, проза, фантастика алмақ болғанбыз. Бірақ мынандай мәселеге тап болдық.

Қазақ тілді шығарманың басым бөлігі дала, жайлау, көшпенді ел, барымта, соғыс жайлы екен.

Қалада туып-өскен бала галактика, жасанды интеллект, матрица әлемі туралы оқығысы келеді.

Мені ойландырғаны, аграрлы өмірден урбанизацияға кеткелі қанша уақыт өтті?! Қалада туған бала жайлауды, жылқының ат-әбзелдерін біле бермейді. Бірақ ол үшін оны айыптай аламыз ба?

Байқағаным, бізге қалалық әдебиет, детектив, фентези жанрлары жетпейді екен. Мысалы, Алдаркөсені дәл сол қалпында адам алдайтын кейіпте емес, ақылды, өте парасатты, Шерлок Холмстың деңгейіне неге көтере алмаймыз? Әдебиетіміз әлеммен санасатын кез келмеді ме?

Неге әдеби кейіпкерлер әлі күнге кино мен мультипликация кейіпкерлеріне айнала алмай отыр? Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр? Біздің кейіпкерлер жаңа уақытпен санасатын, тыныстайтын уақыт келді емес пе? - деп жазба қалдырды ол.

Өнер иесі сөз соңында оқырмандарынан қазақ тілінде жазылған фентези жанрындағы туындыларды бөлісуді сұраған.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

29.04.2025

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Актрисаның жасы ол кезде 11-де болған.

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.