Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық ғылым академиясы бюджеттен қаржыландырылады

Мәдениет
Ұлттық ғылым академиясы бюджеттен қаржыландырылады

Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді.  Енді ол жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға болады. Тиісті қаулы қабылданды. 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қызметіне:

- әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

- ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;

- ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;

- ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;

- ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;

- ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

- ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді.

ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді.

Айта  кетейік, биыл  1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдық мерейтойлық сессиясында Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, Академияның рөлін арттыруды тапсырған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу