Ұлттық музейде Суретшілер одағының мерейтойлық көрмесі ашылды

Көрмеге 226 отандық және шетелдік суретшінің 270-тен астам кескіндеме және графикалық жұмыстар, мүсіндер, гобелендер, керамика, киізден жасалған бұйымдар, кесте тігу сияқты жұмыстары қойылған

Malim Админ

  • 14.12.2023

Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының 90 жылдық мерейтойына арналған «1933-2023. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағына 90 жыл!» атты Халықаралық көрменің ашылуы мен дөңгелек үстел өтті.  Ауқымды шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілуде.   

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров жылы лебізін білдіріп, министр Аида Балаеваның құттықтауын жеткізді. «Қазақстан Суретшілер одағы суретшілерімізді ел ішінде және шетелде насихаттап жүрген шығармашылық ұйымдардың бірі де бірегейі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып қылқалам шеберлеріне шығармашылық жетістік, мол табыс, шабыт тілеймін», - делінген құттықтау сөзде.

Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жұбаниязов: «Бұл жыл – біз үшін ерекше жыл. Одақтың 90 жылдық мерейтойына куә болып жатқанымызға қуанышымыз шексіз. Бұл көрменің басты ерекшелігі – 10 мемлекет қатысып, бізге қолдау көрсетіп отырғаны. Осы шетелдік суретшілердің шығармалары ҚР Ұлттық музейі мен Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының қорларына тапсырылады. Барлық әріптестерге, Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Ұлттық музей ұжымына, Астана Суретшілер одағына алғысымды білдіремін», - деді.

Көрмеге 226 отандық және шетелдік суретшінің 270-тен астам кескіндеме және графикалық жұмыстар, мүсіндер, гобелендер, керамика, киізден жасалған бұйымдар, кесте тігу сияқты жұмыстары қойылған.

Әрбір картина халықтың өмірі мен тұрмысы, тәуелсіздік алғанға дейін болған оқиғалар, қазақ халқының мәдениетін дамытуға үлес қосқан не Ұлы дала тұрғындарының сан ғасырлық арманына қол жеткізуде елеулі рөл атқарған тұлғалар туралы баяндайды. Қоршаған ортаның үйлесімділігі, мифтер мен ежелгі құпиялар, қазіргі қала мен дала өмірінің тынысы, оның атмосферасы тақырыптық бағыттағы жұмыстарда көрініс тауып, осы уақытқа дейін жалғасып келеді.  

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік