1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады

Арман Қайыпхан

  • 24.04.2025

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздегі мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл өзгеріс балалардың денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында қолға алынып отыр.

«Мемлекет басшысы мектептерде тегін берілетін тағам сапасын арттыруды тапсырды. Біз оқушыларды сапасыз, арзан өнімдермен тамақтандыра алмаймыз. Балалардың тамақтануы халықаралық стандарттарға сай болуы керек – бұл жас ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді», – деді Ақмарал Әлназарова.

Жаңа стандарт неге қажет болды?

Соңғы жылдары елімізде балалар арасында мынадай денсаулық мәселелері жиілеп кеткен:

• семіздік,

• ІІ типті қант диабеті,

• жүрек-қан тамырлары аурулары,

• тісжегі,

• аллергия.

Мұның негізгі себептерінің бірі – теңгерімсіз және зиянды тамақтану.

Жаңа стандарт не береді?

Сарапшылардың болжамынша, мектептерде жаңа стандартты қатаң сақтау арқылы:

• семіздік деңгейі 10-15%-ға,

• ІІ типті қант диабеті 10-20%-ға,

• артериялық гипертензия 8-18%-ға,

• басқа да созылмалы аурулар 5-15%-ға төмендейді.

Сонымен қатар, балалардың зейіні мен оқу үлгерімі де жақсарады.

Бақылау күшейеді

Министрлік Оқу-ағарту министрлігімен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, жаңа стандартты ғылыми деректер мен ұсынымдар негізінде әзірлеген. Сонымен қатар, мектеп асханаларындағы санитариялық талаптардың орындалуына бақылау күшейеді:

• Тексерістер алдын ала ескертусіз жүргізіледі;

• Асханаларда тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.

«Бұл қадам – балаларымыздың денсаулығы үшін. Барлық білім беру ұйымдарын жаңа талаптарды адал әрі жауапкершілікпен орындауға шақырамыз», – деді министр.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

07.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025
MalimBlocks
Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд