457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

25-қабаттан секіріп кеткен қылмыскер есін жиды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 25-қабаттан құлап, автокөлік үстіне түскен ер адам есін жиды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Ерлан Сакенов жазды. Оның айтуынша, ер адамның қол-аяғы мен омыртқасы аман қалған.

Қайғылы оқиға кеше Астанада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жанжал кезінде әйелге шабуыл жасап, пышақтаған. 33 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

Осыдан кейін ер адам тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп, үйдің жанында тұрған көлікке құлаған. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, марқұмнан артында 7 және 10 жастағы екі баласы қалған.

Фото: inbusiness.kz