Астанада лифтте пышақ жарақатын алған баланың жағдайы қалай? Дәрігерлер жауабы

Malim Админ

  • 12.02.2025

Кеше Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде жасөспірім пышақпен бетін тілгілеген 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы елордалық №2 көпсалалы балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғманов айтты.

Кеше түстен кейін аурухананың жарақат пунктіне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген  баланы кезекші травматолог пен жақ-бет хирургі қараған.

Баланың бетінде, құлақ маңы мен самайында 4 жарақат болды, суық қару мойынына жетпеген. Оқиға орнында алғашқы көмек өте сапалы жүргізілген, әйтпесе бала көп қан жоғалтып, асқынулар болуы мүмкін еді. Біздің дәрігерлер жарақаттардан аққан қанды тоқтатты, тамырларды тікті, жалпы операция 1 сағатқа созылды. Бала наркозбен ұйықтады, бір сағаттай жансақтау бөлімінде жатты, оянған соң бөлімшеге ауыстырылды. Қазір де пациент толыққанды ем алып жатыр, жарақат 5-10 күнде жазылады, бәрі баланың ағзасына байланысты, — М. Нұғманов тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, аурухана психологтары зардап шеккен баламен жұмыс істеуді бастады.

Әрине, жарақаттан кейін тыртық қалады, оны уақыт көрсетеді, өсе келе тыртық байқалмауы да мүмкін. Қазір баланың жағдайы тұрақты, еш асқыну жоқ, өміріне еш қауіп тұрған жоқ, — деп түйіндеді дәрігер.

Айта кетейік, кеше елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде белгісіз жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.

Шабуыл жасаған жасөспірім арнайы психоневрологиялық есепте тұрған.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

12.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

05.04.2025

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025
MalimBlocks
Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр. Бұл мәліметті Ulysmedia.kz тілшісіне Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды