Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам инсультке шалдығады

Бүгін – бүкіләлемдік инсультке қарсы күрес күні

Malim Админ

  • 29.10.2024

Былтыр тіпті бұл көрсеткіш 45 мыңға дейін жеткен. Инсульт алғандар арасындағы өлім-жітім жүрек ауруларынан кейінгі екінші орында тұр деп хабарлайды 24 kz. 


Республикалық диагностикалық орталықтың неврологы Гүлжан Жоламанованың айтуынша, инсульт алғандардың 35%-і өмірмен қош айтысады. Ал 30%-ке жуығында неврологиялық өзгерістер пайда болады. Көп жағдайда бұл тірек-қимыл аппараты жұмысының бұзылып, өз бетімен жүріп-тұрудан қалу, сол сияқты сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің нашарлауы. Инсультті толық емдейтін дәрі әзірге жоқ. «Бірақ оны тудыратын ауруларды алдын ала анықтап, болдырмаудың емі жетерлік», - дейді дәрігер.

"Инсультті тудыратын негізгі бірқатар аурулар бар. Олар қан қысымының көтерілуі, қант диабеті және жүрек аурулары. Адамдар көп жағдайда осы ауруларға шалдыққанын байқай бермейді. Сондықтан емделмей ұзақ уақыт жүріп қалуы мүмкін. Соның кесірінен инсульттен зардап шегіп жатады. Сол секілді зиянды әдеттер, дұрыс тамақтанбау, ұйқының бұзылуы және шаршап-шалдығу да тікелей инсультке алып келуі мүмкін", - дейді невропатолог Гүлжан Жоламанова. 

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025
MalimBlocks
Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды