МӘМС-ке төленген артық ақшаны қайтарып алуға болады. Жолдары қандай?

Сабина Асқарқызы

  • 15.02.2025

Егер сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын артық төлеп қойсаңыз немесе белгілі бір себептерге байланысты оны қайтарғыңыз келсе, онда бұл қаражатты қайтарудың заңды жолдары бар, деп хабарлайды Malim.kz Массагет.кз сайтына сілтеме жасап.

МӘМС жарнасын қайтаруға мынандай азаматтар өтініш бере алады:

Өтініш дайындау: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына артық немесе қате төленген сомаларды қайтару туралы өтініш жазыңыз. Өтінішке төлемді растайтын құжаттарды (мысалы, түбіртектердің көшірмелері) қоса тіркеңіз. Өтініш үлгісін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан алуға болады.

Құжаттарды тапсыру: Дайындалған өтініш пен қосымша құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жергілікті бөлімшесіне тапсырыңыз.

Өтінішті қарау мерзімі: Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды. Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылады.

Ескерту: Егер өтінішті жұмыс беруші берсе, пайдасына жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш талап етіледі.

Қайтарудан бас тартылуы мүмкін жағдайлар:

Өтініште банктік деректемелер қате енгізілсе;

Өтініш ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы №478 бұйрығындағы 1-қосымшаға сәйкес келмесе;

Өтініште қайтару себептері дұрыс көрсетілмесе;

Өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе немесе құжаттарды оқу қиын болса;

Ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса.

Фото: freepik

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025

Ел шығысында екі азаматтығы бар 8 адам анықталды

09.04.2025

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

09.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

Ел шығысында екі азаматтығы бар 8 адам анықталды

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады