Мүгедектікті анықтауға тәуелсіз сарапшылар тартылады

Тәуелсіз сарапшылар институты 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді

Мадина Қайнарова

  • 24.09.2024

Елімізде мүгедектікті анықтау тәртібі өзгереді. Енді бұл рәсімге тәуелсіз сарапшылар тартылмақ.


Тәуелсіз сарапшылар институты 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді Әзірше бұл пилоттық жоба ретінде іске қосылып отыр.

Тәуелсіз сарапшыларға жоғары білімді, медициналық қызметкердің сертификаты бар, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша кейінгі 5 жылда оқуды аяқтағанын растайтын құжаты бар азаматтар үміткер болады. Олар конкурстық негізде іріктеледі.

Пилоттық жоба аясында мұндай байқауға қазірдің өзінде 50-ге жуық адам қатысты. 18 сарапшы дәрігер іріктеудің барлық кезеңінен өтіп, жұмысқа кірісті.

Сарапшылар медициналық құжаттарды мемлекеттік органдар мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде электронды және анонимді түрде автоматты түрде алады. Істерді бөлу экстерриториялық негізде жүзеге асырылады. Яғни, сарапшыға барлық өңірлерден де құжаттар келіп түседі.

- Тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу азаматтар мен сарапшылар арасындағы тікелей байланысты және сәйкесінше сыбайлас жемқорлықты  жоюға бағытталған», – делінген министрліктің хабарламасында.

Медициналық-әлеуметтік сараптама рәсімдерінен өткен соң мүгедектік тобы белгіленеді. Қажет кезде әлеуметтік төлемдерді  тағайындау өтініш берушінің қатысуынсыз белсенді түрде жүзеге асырылады.

Фото:  doorinworld.ru

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді