Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Malim Админ

  • 13.05.2025

Еліміздің тұрғындары дамыған мемлекеттерге қарағанда жедел жәрдем қызметіне 3-4 есе көп жүгінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.

Халықаралық стандартқа сай 30 мың адамға 1 реанимобиль болуы керек. Бізде 10 мың адамға бір машина бар. Жалпы, стандарттан 3 есе жоғарымыз. Бірақ, елімізде жедел жәрдем қызметіне жүгіну дамыған көп елге қарағанда 3-4 есе көп. Шетелде дене қызуы көтерілген адамға ешқандай бригада барып көмек көрсетпейді. Жедел жәрдем қызметінің негізгі жұмысы – адамның өміріне қауіп төнген кезде келу. Олар – көпжарақат, инсульт, инфаркт және басқа хирургиялық жарақаттар. Осындай жағдайда тез жетіп, көмек көрсетуі қажет, - деді ол елордада өтіп жатқан халықаралық іс-шара аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар вице-министр дәрігердің қателігінен науқас кемтар болып қалса немесе мерт болған жағдайда оны жазалауға қатысты сауалға жауап берді.

Дәрігер науқастың жанын қинайын, жамандық жасайын деп жанына жақындамайды. Дәрігер қолынан келгенше науқастың денсаулығын дұрыстауға тырысады. Сондай көмек көрсетіп жатқан кезде әрине, адам баласы қателесуі мүмкін. Машина, робот та қателеседі. Мұндай қателіктерді қарастырып, дәрігер әдейі істемесе, онда оны жазалауға болмайды, - деді Тимур Мұратов.

Фото: Pixabay.com


 

Байланысты жаналықтар

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген