Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

Арман Қайыпхан

  • 08.05.2025

Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында (ҚазОРҒЗИ) Қазақстанда алғаш рет Sagebot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық жүйесін қолдана отырып, Бейжің университетінің Бірінші ауруханасымен бірлесіп бірегей хирургиялық араласу жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Хирургия шамамен екі сағатқа созылды. Операция барысында ағзаның функционалдық белсенділігін сақтай отырып және операциядан кейінгі асқыну қаупін азайта отырып, қатерлі ісікті алып тастауға бағытталған бүйректің ағзаны сақтайтын ішінара резекциясы орындалды.

Операцияны доктор Ли Сюэ Сун (М.D., Рh.D.) Бейжің қаласында (ҚХР) және заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, араласу барысын қашықтан басқарды. Алматыда (Қазақстанда) операцияның барысын бақылауды ҚазОРҒЗИ хирург-дәрігері, PhD Хусан Талипбайұлы Өмірзақов жүзеге асырды.

Роботтандырылған хирургия урология, гинекология және жалпы хирургия сияқты салалардағы ең заманауи және тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс лапароскопияның артықшылықтарын — аз инвазивті қолжетімділікті және тіндердің ең төмен жарақаттануын — 3D-бейнелеу мүмкіндіктерімен, қозғалыстың жоғары дәлдігімен және интеллектуалды бақылау жүйелерімен біріктіреді. Бұл операциядан кейінгі кезеңнің жеңіл ағымын, ерте белсендіруді, емдеуге жатқызу уақытын қысқартуды және асқыну қаупін азайтуды қамтамасыз етеді.

Медициналық технологияларды стратегиялық дамыту шеңберінде алдағы айларда роботтандырылған хирургиялық жүйені пайдалана отырып, 50 жоғары технологиялық операция жүргізу жоспарланып отыр. Операциялар урология, гинекология және абдоминалдық хирургия сияқты негізгі бағыттарда жасалады. 

Бүгінгі таңда Қытай мен Түркияның жетекші онкология орталықтарымен қолданыстағы келісімдердің шеңберінде роботтандырылған хирургияны қолдана отырып, әртүрлі локализациялардағы ісік ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен онкологиялық ота жасалды

28.04.2025

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

22.04.2025

Роботтар алғаш рет адамдармен бірге марафон жүгіріп өтті

19.04.2025

«Менің атым Қожа» фильмінде басты рольде ойнаған Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсіп қалды

21.03.2025

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

22.01.2025

Қайын інісі жеңгесіне бауырын берген: Қызылордада күрделі ота жасалды

17.01.2025
MalimBlocks
Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен онкологиялық ота жасалды

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

Операция төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Роботтар алғаш рет адамдармен бірге марафон жүгіріп өтті

Қытай астанасы Бейжіңде өткен жартылай марафонда роботтар алғаш рет адамдармен қатар 21 шақырымды жүгіріп өтті

«Менің атым Қожа» фильмінде басты рольде ойнаған Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсіп қалды

Ол өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

Барлығы 118 күдікті қолға түскен

Қайын інісі жеңгесіне бауырын берген: Қызылордада күрделі ота жасалды