Сібір жарасы адамға жұқты ма? Шонжы ауылында шектеу енгізілді

Мал ветеринарлық қызметке хабарламастан сойылған

Malim Админ

  • 04.09.2024

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ірі қара малдан Сібір жарасы анықталды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.


Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайды растап, 4 адам Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық инспекциясының мәліметінше, мал ветеринарлық қызметке хабарламастан сойылған.

«Аурудың пайда болу себептерін анықтау үшін ветеринарлық инспекция СЭБД, ПД және облыс әкімдігімен бірлесіп науқастардың үйіндегі шикізат пен сою өнімдерінен, сондай-ақ, мал сою орнында топырақ сынамалары алынды», - делінген хабарламада.

Республикалық ветеринарлық зертхана биологиялық талдау микроскопиясы мен ПТР көмегімен жиналған материалдарға зерттеулер жүргізді. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижесі әлі дайын болған жоқ.

"Биыл 12 тамызда бұл елді мекендегі мал Сібір жарасына қарсы екпе алған. Қазір елді мекенде жеке шаруашылықтардағы ірі қара малды оқшаулау және карантинге жабу жұмыстары жүргізілді. Мамандар малды күнделікті тексеруден өткізеді, аурудың клиникалық белгілері анықталмаған. Барлық қажет ветеринарлық-санитарлық шара қазіргі алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр", - делінген жауапта.

Фото: medprizvanie.ru  

Байланысты жаналықтар

Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

27.09.2024

Алматы облысында 272 жер телімі мемлекетке қайтарылды

24.09.2024

Алматы облысында 10 жастағы бала құзға құлады

09.09.2024

«Бердібек Соқпақбаев Алматы облысына ғана керек пе?». Жазушы базынасын білдірді

19.08.2024

Ақмола облысында 4 адам бруцеллез жұқтырды

16.08.2024

Балаларды зорлады делінген ер адамға қатысты тергеу аяқталды

12.08.2024
MalimBlocks
Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

Іс материалдары сотқа жөнелтілді

Алматы облысында 272 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Соттардың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылды

Алматы облысында 10 жастағы бала құзға құлады

Баланың бұғанасының сынып, денесі жарақаттанған

«Бердібек Соқпақбаев Алматы облысына ғана керек пе?». Жазушы базынасын білдірді

Қаламгердің мерейтойына бір айдай ғана уақыт қалды

Ақмола облысында 4 адам бруцеллез жұқтырды

Бруцеллезбен сырқаттанушылық Бұланды, Астрахан, Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында тіркелді

Балаларды зорлады делінген ер адамға қатысты тергеу аяқталды

16 ақпанда Алматы облысында белгісіз ер адам төрт балаға шабуыл жасаған еді