Шымкенттегі медицина: биыл бірнеше орталық ашылып, бөлімшелер іске қосылды

басты мақсат – медицина саласын жоғары деңгейге көтеру.

Мадина Қайнарова

  • 24.10.2024

 «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Ондағы басты мақсат – медицина саласын жоғары деңгейге көтеру.

Осы бағытқа орай қазіргі таңда Шымкент қаласында көптеген жаңа медициналық ұйым бой көтеріп, халыққа қажетті түрлі бөлімшелер мен орталықтар пайда болды. 

Қыркүйек айында Шымкентте алғаш рет аурухана базасында госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды.

Қалалық балалар клиникалық аурухана базасындағы жаңа бөлімше қажетті медициналық жабдықтармен, медициналық және ламинарлық шкафтармен, ротациялық орау машинасымен жабдықталған.

Бөлімшенің басты міндеті - дәрілік заттарды уақтылы, сапалы дайындау және пневматикалық пошта арқылы медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу.

- Денсаулық сақтау саласы Шымкент қаласында балалар ауруханасында үлкен жетістіктерге жетті деуге болады. Бұл бөлімше дәріні тиімді рационалды пайдалану үшін керек. Өйткені осыған дейін дәріні әр баланың салмағына, балаға керектігіне байланысты дәрігер тағайындайды. Ал тағайындаған кезде дәрінің 20 мл немесе 50 мл болуы мүмкін, сол дәрінің кеп бөлігі пайдаланылмайды, өйткені дәріні бір ашқаннан кейін, стерильді препарат болған соң пайдалануға болмайды. Ал енді қазіргі енгізіп жатқан жүйе бір емес екі балаға, үш балаға тиісті мөлшерін сақтай отырып пайдалануға жол береді. Енді бұл пневматикалық пошта дегенді пайдаланып жатыр, адамның араласуы азаяды. Ең бастысы, қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы келгелі, дәріні де, бюджетті де тиімді, ұтымды пайдалануға тапсырма беріліп отырды. Биыл 6 медициналық ұйымды госпиталдық фармация бөлімімен қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар, - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Қаланың ауруханаларында госпитальдық фармация бөлімшесін ашу нәтижесінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану есебінен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге болады.

Сондай-ақ биыл жаз мезгілінің басында Шымкентте алғашқы нейрохирургиялық орталық ашылған еді. Ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққан науқастарға стационарлық көмек көрсетуге бағытталған медициналық орталық №2 қалалық аурухана базасында іске қосылды. Осыған дейін пациенттер тиісті қызметтерді алу үшін елдің өзге аймақтарына, басқа қалалардағы медициналық ұйымдарға баратын. Енді жаңа орталықта бас-ми жарақаты бар, түрлі ауыр дертке шалдыққан, нейрохирургиялық көмекті қажет ететін науқастарды тәулік бойы жедел түрде қабылдайды.

Мұнда оқу орталығы ашылып, резиденттер, отандық және шет елдердің нейрохирургтері оқытылды. Жаңа орталықты медицина ғылымдарының докторы, еліміздің білікті нейрохирургы Еркін Медетов басқарады.

Айта кетсек, жыл басынан бері №2 қалалық аурухана базасында 150 нейрохирургиялық операция жүзеге асырылды. Күрделі оталар Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Швейцария елдерінен келген науқастарға да жасалған.

Сәуір айында бұл аурухана базасында гепатологиялық орталық та ашылды. Онда бауыр ауруларымен ауыратын науқастардың ем алуына мүмкіндік жасалады. Соңғы жылдары Шымкентте аталған дертке шалдыққандар саны көбейген екен. Сондықтан мамандар оның алдын алу шараларын қарастырып жатыр.

Одан бөлек биыл «Асар» шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында балалар арасында ауруларды тез анықтау бағытында оқу-әдістемелік орталық ашылды.

Орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз етілген.

- Бағдарлама балалардың ең маңызды ауруларын (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму орта қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды. Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайтып, бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады, - дейді аурухананың бас дәрігері Д. Жұмаділова.

Сонымен қатар Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалар жанына ашылған «Үздік тәжірибелік орталықтардың» жұмысы аймақтардағы медициналық ұйымдарға тәжірибе ретінде таратылуда.

Үздік тәжірибелік орталықтың ерекшелігі – әлеуметтік, медициналық қызметтер біріктірілген. Бір топта мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог мамандардан құралған мультидициплинарлық команда жұмыс істейді. Басқармаға қарасты №1, №3, №6,№7 емханалар жанынан Үздік тәжірибелік орталықтар ашылған. Оның ішінде жаңа модель алғаш болып №6 емханаға енгізілген. Үздік практика негізінде 141 маман біліктілігін арттырған. Бүгінде емханада дәрігерлер «Емхана науқастардың көзімен», «Емханадағы алғашқы 5 минут», «Мейігерлердің жеке қабылдауы» секілді 11 жаңа жоба аясында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Байланысты жаналықтар

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024

В Шымкенте отметили 80-летие переселение турок-ахысов в Казахстан

30.11.2024

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары медқалдық жағатын цехқа қарсы

30.11.2024

Доллар құны 500 теңгеден асты

27.11.2024

Шымкентте граната жарылысынан курсанттар жарақаттанды

26.11.2024

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024
MalimBlocks
Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі

В Шымкенте отметили 80-летие переселение турок-ахысов в Казахстан

Сегодня в третьем мегаполисе проживают 7000 турок-ахысов

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары медқалдық жағатын цехқа қарсы

Еш құжаты болмаса да пеш орнатылып қойған

Доллар құны 500 теңгеден асты

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 500 теңге

Шымкентте граната жарылысынан курсанттар жарақаттанды

Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған