freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дін саудасы қызып тұр – Ермек Қасболатұлы

Қоғам
Дін саудасы қызып тұр – Ермек Қасболатұлы
Фото: ehistory.kz

ҚМДБ төрағасының орынбасары Ермек Қасболатұлы кейінгі кездері дін сататын саудагерлердің көбейгенін айтып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл көріністің белгілі ғалым-ғұламаларға, діни қызметкерлер мен ұстаздарға қатысы жоқ дейді нәйіб мүфти. Қасболатұлының пайымынша, қазір қоғамда болмашы нәрсені үйреніп алып, ем жасап, дем салатындар бар. Мысалы, умраға барып, "мен сенің әкеңнің атынан қажылық жасаймын; дұға етіп, Құран бағыштатамын!" деп ақша аудартып алатындар – саудагерлер. Яғни, діннің саудагерлері – осылар дейді нәйіб мүфти.

– Мұның алдын алу керек.  Ондайлардың барлығын шектеу үшін мемлекет заң шығаруы керек,  – дейді Ермек Қасболатұлы.

Мүфтият өкілінің пікірінше, өзін "пір, иман, сопы" деп таныстыратындар,  немесе – "хазіреті, пірі, шейхі" барын айтатындар өте көп. Алайда олардың рухани деңгейі, шежіресі, яғни – алтын шынжыры қаншалықты дұрыс, қаншалықты рухани кемелдеген; мемлекетке, халыққа қандай пайдасы бар – соның бәрі зерделенуі қажет. Ендеше, әзірге мәселе көп. ҚМДБ мен ғұламалар бұл мәселені  жан-жақты зерттеп жатыр дейді Ермек Қасболатұлы.

– Қара сопылар өте көп. "Мен сопымын" деп, адамды еліктіріп, басқа жаққа алып кетуі мүмкін. Алла сақтасын. Сол себептен кішкене уақыт керек шығар. Дегенмен бұл да қазіргі таңда өте өзекті бір тақырып. Біздің діни басқармамыз да жұмыс істеп жатыр. Ғұламалар кеңесі бар, ғалымдар қауымдастығы бар, Нұр-Мүбәрәк университеті бар – бәрі ізденіс үстінде жүр, –дейді нәйіб мүфти.

Ермек Қасболатұлы ораза туралы да айтып өтті.

– Сөзсіз, ораза ұстау парыз. Алайда кісінің денсаулығы мен жағдайына байланысты парыздан босатылатын кездері болады. Мысалы, науқас, жолаушы, жүкті әйелдер ауыз бекітпейді. Ал, оқушы алдымен ата-анасымен кеңескені жөн. Себебі, құлшылық – оқуына, үлгеріміне кедергі келтірмеу керек. Яғни, сабағына кешігіп не сабақ уақытында қалғып-мүлгіп отыруға болмайды.

Тағы маңызды мәселе – ойды ғана емес, бойды да таза ұстау. Жалпы, шылым шегу зиян, құмар ойын күнә екенін мәлім ғой, – дейді нәйіб  мүфти.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу