Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

Шоу-бизнес
Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстан астанасына ат басын бұрады. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дженнифер Лопес Қазақстанда алғаш рет концерт бермек. Өнер иесінің шоуы 1 тамызда елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді.

Биылғы жазда бірнеше таңдаулы шоуда өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізбен жүздесуге асықпын. Тым көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болмақ, деп жазды әнші 7 сәуірдегі парақшасында.

Билет туралы ақпарат турненің Instagram-дағы ресми парақшасында осы аптада жарияланады. Оның жазғы концерттерінің кестесі де сонда жарияланған. Дженнифер Лопес Астанаға Абу-Дабиден келеді.
Фото: depositphotos.com/ Image Press Agency

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу