«Экологиялық тәртіп қалыптастыру керек». Үкіметте «Таза Қазақстан» акциясы сөз болды

Экология министрлігіне заңнамалық түзетулер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді

Мәди Саматұлы

  • 21.01.2025

Премьер-министр ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту жөнінде шаралар қабылдау және карбонды полигондар қалыптастыру үшін жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында азаматтардың экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы Париж келісіміндегі міндеттемелерге сәйкес, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қоршаған ортаға эмиссияларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді жедел аяқтау тапсырылды.

Премьер-министр қоршаған ортаға, әсіресе кәсіпорындар айналасында ауаға таралған зиянды газдарды азайтатын карбонды полигондар құру арқылы экожүйе қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Мұндай жобаларды іске асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне заңнамалық түзетулер әзірлеу жөніндегі тапсырма берілді. Сонымен қатар Президенттің елді мекендерде ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындаудың маңызды екені аталып өтті.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды