Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

Сұлу Бөлек

  • 13.05.2025

Премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің оңтүстік өңірлерінде шегірткенің таралуына қарсы күресті күшейту қажетіне назар аударды.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады.

АШМ мәліметтері бойынша, шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл былтырмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді. Жұмысқа 443 бірлік бүріккіш техникасы мен 4 625 маман жұмылдырылды. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке зиянкестері дернәсілдерінің таралуы байқалады. 1 388,9 мың гектар жер зерттелді, оның 396,6 мың гектары өңдеуге жатады.

Нақтырақ айтсақ, 390,8 мың га, оның ішінде Жамбыл облысында – 27,8 мың га, Түркістан облысында – 363,8 мың га өңделді.

Премьер-министр қажет қорғау шараларын жүргізуді қамтамасыз етуді және ведомство мен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

«Айдарбек Сейпілұлы, өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, зиянкестерге қарсы сапалы мониторингті, профилактикалық және қорғау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету керек. Шегірткенің таралу болжамдарын үнемі жаңартып отырып, жедел шаралар қабылдау үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет. Қазір Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткемен күреске ерекше назар аударыңыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

01.05.2025

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті