Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Арман Қайыпхан

  • 06.03.2025

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 7 наурызында еліміздің ірі екі қаласы мен 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, түнде және күндіз жаяу бұрқасын жүреді, күндіз және таңертең облыстың батысында тұман, көктайғақ болады деп  күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі,  түнде және күндіз жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстіктен-батыстан жел соғады, түндегі екпіні  - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда түнде және күндіз бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және күндіз Жетісу облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарындарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде қар жауса, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтөбеде көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с.

Түнде Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын жүреді, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.  

Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ,  облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда да жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Астанада аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп  күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, қар жауады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ  болады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда күндіз жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде де жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Павлодар облысында жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда да түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде де осы табиғи құбылыстар қайталанады.   

Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында көктайғақ, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.  Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте жауын-шашын болады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с және 23 м/с құрайды. Түркістанда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с және 23 м/с құрайды.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

14.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025
MalimBlocks
Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

Malim.kz редакциясы эколог мамандардың пікірін білді

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады