Келтірген залалы 800 мың теңге. Жетісу облысында броконьер ұсталды

Жетісуда облысында табиғатқа 800 мың теңгеге жуық залал келтірген азамат ұсталды. Ол Лепсі өзенінен заңсыз балық аулаған.
Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Лепсі өзені бойында өткізген рейдік іс-шаралар барысында тыйым салынған құралдарды пайдаланып, заңсыз балық аулаумен айналысқан Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Браконьерден ұзындығы 100 метр, ені 5 метр болатын 8 бірлік ау мен 16 дана темір тор және қайық тәркіленді. Тінту кезінде 100 келіден астам балық табылды.
Алдын ала есептеу бойынша табиғатқа келтірілген залал шамамен — 777 мың теңге.
Табиғатты қорғау қызметкерлері браконьерлік іс балық популяциясына қауіп төндіретінін және табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетінін ескертеді. Ол үшін заңда 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Фото: видеодан скрин
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
