Найзағай, бұршақ және дауыл: бірнеше өңірде ескерту жасалды

"Қазгидромет" еліміздің көптеген өңірінде ауа райына қатысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Астанада найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде найзағай мен бұршақ күтіледі, ал күндіз шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай мен бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, түнде батысында, күндіз батысы, шығысы және орталығында екпіні 15-20, кей жерлерде 23 метр секундқа жетеді. Қарағанды қаласында да найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының солтүстігінде таңертең және күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, орталықта және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, тау асуларында 23 м/с жетеді. Солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с болады.
Сол күні Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз солтүстігінде 15-20 м/с екпінімен соғады. Солтүстік-шығысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай болжанып отыр. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында 27 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз 18 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде найзағай, күндіз найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, күндіз солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын жел күтіледі, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түнде солтүстігінде және шығысында 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Өскеменде де оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен соғатын жел болжанады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с екпінімен соғады. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батысында және солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және батысында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, күндіз солтүстігінде және батысында 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, орталығы мен оңтүстігінде 15-20 м/с екпінмен соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде шаңды дауыл болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Жел солтүстіктен соғады, түнде оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда 27 сәуір күні таңертең және күндіз найзағай болжанды.
Павлодар облысының шығысында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Фото: Pixabay.com