Өскеменде атмосфералық ауа мониторингінің бірыңғай жүйесі құрылады
Мамандардың айтуынша, бірқатар компания экологтарды өз аумағына кіргізбей, өлшеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді

Өскеменде атмосфералық ауа мониторингінің бірыңғайжүйесі құрылады
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Өскемен Тынысы" экологиялық қорғау бюросы, жауапты басқарма және департамент өкілдерінің қатысуымен экология мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдай мен атмосфералық ауа сапасына байланысты бірқатар мәселе талқыланды. ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес мұндай күндері ластаушы кәсіпорындар шығарындылар көлемін азайтуы тиіс. Мамандардың айтуынша, бірқатар компания экологтарды өз аумағына кіргізбей, өлшеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді. Облыс орталығындағы 22 кәсіпорын автоматты бақылау жүйесін орнатып, тиісті департамент қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс. «Казцинк» пен Өскемен ЖЭО бойынша шығарындылар көлемін азайту туралы инвестициялық бағдарламалардыерекше бақылауға алу қажет. Өйткені атмосфералық шығарындылардың 75 пайызы аталған кәсіпорындарға тиесілі.
Ірі компания өкілдерімен кездесіп, шығарындыларды азайту бойынша қатаң талаптар әзірлеу керек. Алдағы 5-10 жылға арналған жоспар жасалуы тиіс. Сондай — ақ аталғанкомпаниялардың қаладағы орталық жылуды дамытуға қатысуы үшін келіссөздер жүргізу қажет, - деді эколог Дәулет Асанов.
Ал "Өскемен Тынысы" бюросының өкілдері қалада датчик орнату қажет орындардың картасы әзірленгенін, оған бұрын-соңды атмосфералық ауаның жай-күйі талданбаған шағын аудандар да енгізілгенін атап өтті. Осылайша, мониторинг бүкіл қала бойынша жүргізіледі. "Өскемен Тынысы" экологиялық бюросының төрағасы Елена Березинская-Әбілованың сөзінше, қазір қалада мониторингжүйесінің 10 датчигі жұмыс істейді.
Біз оларды басқа аумақтарға көшіріп, осындай құрылғылармен қаланы толық қамтамасыз етуді ұсынамыз,- деді Елена Березинская-Әбілова.
Бұдан бөлек, мектептерде ескерту сигналдары іске қосылып, ҚМЖ күндері балалар қашықтан оқуғакөшіріледі. "Өскемен Тынысы" төрағасының айтуынша, бұл бастама мәслихат отырысында бекітіледі. Депутаттар дауыс беру үшін ведомстволармен келіссөздер жүргізілуде. Экологиялық бюро мамандары қаланың ластану деңгейінбейнажазбаға түсіріп, атмосфералық ауаның жай-күйітуралы ақпаратты LED-экрандарда көрсетуді ұсынды. Бұлмаңызды ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
"Қазгидрометтің” бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан датчиктерін ауыстырып, оларды бірыңғай мониторинг жүйесіне біріктіру қажет. Бұл мәселені цифрландыру және мұрағаттар басқармасы қолға алуы тиіс. Осылайша, біз шекті рұқсат етілген концентрация көлемінің қай жерде артқанын көре аламыз, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Датчиктерді орнату және жаңарту шарттарының бірі -атмосферадағы бірінші санаттағы қауіпті заттардыңмаксималды мөлшерін, сондай-ақ радиациялық фондыанықтау. Бұдан бөлек, цифрландыру және мұрағатбасқармасы қаладағы экологиялық жағдай туралы ақпаратберетін мобильді қосымшаны құру және жетілдірубағытында жұмыс істеуі қажет. Аталған қосымша ауа-райытуралы ғана емес, ҚМЖ, шығарындылардың көлемі туралы біліп отыруға мүмкіндік беру керек. Сондай-ақ қоғамдықбақылау мен тұрғындардың шағымы үшін ластаушыкәсіпорын туралы деректерді, бейнелер мен фотосуреттердіенгізуге болатын сандық платформа құрылады.
Облыс әкімі экологиялық жағдайға өнеркәсіптік кәсіпорындар ғана емес, қоғамдық көліктердің де әсер ететінін жеткізді. Қазіргі таңда тек бір автобус паркі электр автобустарын сатып алып, сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Аймақ басшысы барлық тасымалдаушыға отынның неғұрлым экологиялық түрлеріне кезең-кезеңімен көшу бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Полиция департаментіжәне табиғатты қорғау прокуратурасы мамандарын тартаотырып, автокөлік шығарындыларын өлшейтін эко-бекеттерқұру қажет.
29 мыңға жуық жер үйді құрайтын Өскемендегі жеке сектор да назардан тыс қалмады. Блокты-модульді қазандықтарды орнату, үйлерді профициті бар жылу көздеріне қосу туралы ұсыныс осыған дейін де айтылды. Оның ішінде Согра ЖЭО және №8 қазандық бар. Бұл мәселені жан-жақты зерттеу қажет. Қала әкімдігі тұрғындармен кездесіп, олардың ой-пікіріне назар аударуы керек. Сондай-ақ облыс әкімі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының орнын анықтау мерзімі созылғанын атап өтті. Бұл – жедел шешуді талап ететін экологиялық мәселе.
Өскеменде қалдықтарды өртеу зауыты үшін салынған қоқыс сұрыптау желісі қазір жарамсыз күйде екенін мойындау керек. Құрылыс жұмыстарын Ұлан ауданында бөлінген учаскеде жүргізу қажет, - деді эколог РоманЧестных.
Облыс әкімі көгалдандыру бағдарламасын қайта қарап, мамандар тарту керектігін айтты. Орындар мен көшеттерді анықтау қажет. Ірі қалалардың тәжірибесіне сүйене отырып, "жасыл қабырға" құру экологияға оң әсерін тигізеді.
Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, маңызды сұрақтарды шешуде қала әкімдігі шетте қалмауы тиіс.Бұл мәселелерді сіздермен бірлесе отырып немесе жеке шешетін боламыз. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынаарналған учаске әлі анықталған жоқ. Сіздер қаланы өздеріңіз аралап, тұрғындармен сөйлесулеріңіз керек.Мәселеден қашпай, жауапкершілікті өз мойындарыңызғаалуларыңыз қажет, - деп қорытындылады НұрымбетСақтағанов.
Облыс әкімі жауапты тұлғаларға жоғарыда аталған бағыттарбойынша іс-шаралар жоспарын 10 наурызға дейін ұсынуды тапсырды.
Фото: ШҚО әкімдігі