Қарағанды облысында лимфангит дертінен 300 жылқы қырылған

Жылқы иелері шығынға ұшырадық деп шағымданып жатыр

Malim Админ

  • 19.01.2025

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының үш ауылында эпизоотиялық лимфангит тіркелді. Екі жыл ішінде 300-ден астам жылқы қырылып қалған, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Қарағанды облысы аумақтық инспекциясының мамандары Бұқар жырау ауданының үш ауылында эпидемия тіркелгенін ресми растады. Жылқылар арасындағы дертті екі жыл бұрын Үміткер ауылдық округінің мамандары анықтаған. Жұқпалы мал ауруы ауданның тағы екі ауылында тіркелген. 

Карантиндік аймақта Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотикалық ауруларға қарсы республикалық жасағының мамандары жұмыс істеуде. Олардың міндеті — бес күнде бір рет ірі жылқы үйірлерін айналып өтіп, клиникалық расталған ауруы бар жануарларды оқшаулау. Әр он бес күн сайын ат қораларда дезинфекция жасау. Біз бұл жұмыстардың барысын бақылап отырмыз», — деп түсіндірді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басқармасының басшысы Дархан Иманбаев. 

Жылқы иелері айтарлықтай шығынға ұшырадық деп шағымдануда. Төрткөл ауылының тұрғыны Мәдениет Жұмаділдәнің 20 бас малы қырылып қалған. Сонымен қатар, фермер жылқыларын емдеуге де қыруар қаражат жұмсағанын айтады.

Өткен жылы 10 бас қырылды. Биыл тағы он жылқымнан айырылдым. Әлі де кейбір жылқыларым ауырып жатыр. Оларды емдеу және үнемі күтім жасау керек. Бұл қаншама шығын. Бірақ басқа амал жоқ. Әйтпесе, барлық үйірімізден айырылып қаламыз», — дейді Мәдениет Жұмаділда.

Африкалық жұқпалы дерт негізінен тұяқты жануарлар арасында тарайды.

Сарапшылардың пікірінше, ауруды жұқтырған жылқыларда жара пайда болады, содан кейін олар іріңдеп кетеді екен. 

Төрткөл ауылының тұрғындары, егер жауапты органдар қырылған малдың шығынын өтеу процесін жеделдетпесе, құзыретті органдарға жүгінбекші. 

Фото: АШМ баспасөз қызметі 

 

Байланысты жаналықтар

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

05.04.2025

Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

02.04.2025

Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

25.02.2025
MalimBlocks
Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

"Менің атым Қожа" фильмінің басты кейіпкері ауыр дертке шалдыққан

Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады