Қазақстан Ресейден 4 жолбарыс әкелетін болды

Арман Қайыпхан

  • 17.12.2024

2025 жылы Қазақстанда жолбарыстар саны көбейеді. Еліміз көрші Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл Тұран жолбарысын тарихи мекенінде қалпына келтіру бойынша үлкен жоба басталғанын атап өтті.

Жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты (2018/415 мың га) құрылған. Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018-2024 жылдар аралығында резерват аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінген,  100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді.

«Осы жылы күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді.  2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде. Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз», - деді Нысанбаев Үкімет отырысында.

Министр құландар популяциясын қалпына келтіру жөніндегі бағдарлама аясында оларды «Іле-Балқаш» және «Алтын Дала» резерваттарына қоныс аудару жұмысы сәтті аяқталғанын айтты. Қазақстан аумағында толығымен жойылып кеткен құланның саны 1950-1960 жылдары Түркіменстаннан әкелінген 14 құланның негізінде бүгінгі күні 4493 басқа жеткен.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Демалыс күндері ауа райы 37 градусқа дейін жетеді

25.04.2025

Балқаш көлінің су деңгейі көтеріліп жатыр

25.04.2025

Жаңбыр, қар және үсік: Қай өңірлерде ауа райы бұзылады

24.04.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Еліміздің қай аймағында үсік жүретіні белгілі болды

23.04.2025

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

23.04.2025
MalimBlocks
Демалыс күндері ауа райы 37 градусқа дейін жетеді

Балқаш көлінің су деңгейі көтеріліп жатыр

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілді