Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, дауыл және аптап ыстық болады

25 шілдеде Қазақстанның бірнеше облысында күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Кей өңірлерде шаңды дауыл мен найзағай болжанып отыр. Сонымен қатар республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 25 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Алматы қ.: 25-28 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Конаев қ.: 25-28 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 25 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 25 шілдеде күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 25 шілдеде күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 25 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 36 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 25 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 25 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 25 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 25 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 25 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 25 шілдеде найзағай күтіледі.
Павлодар облысының күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавл қ.: 25 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семей қ.: 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 25 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Астанада найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
