457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Төрт облысқа қар қалыпты мөлшерден артық түскен

Экология және табиғи ресурстар министрлігі қар қалың түсіп жатқан өңірлерді атады, - деп хабарлайды Malim.kz. 


«Қазгидромет» РМК бақылау бекеттерінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы мәліметтері бойынша 2024-2025 жылғы суық кезеңде, яғни қарлы кезеңде жиналған ылғал қоры (төмендегі кестеде көрсетілгендей) республиканың шығыс (ШҚО, Абай облыстары), орталық (Ақмола облысы) және оңтүстік (Түркістан облысы) өңірлерінде нормадан 16-дан 38%-ға дейін жоғары болып қалыптасты, - деп мәлімдеді жауапты ведомство.

Ал Алматы, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында түскен қардың көлемі осы мерзімдік нормаға сай көрінеді. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында жауған қардың көлемі мерзімдік нормадан төмен. 

Фото: List.ru