Түркістан облысында егін егетін жердің 32 пайызы сорланып кеткен

Malim Админ

  • 14.02.2025

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өңірде ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын 870 мың га жер бар. Оның ішінде 32 пайызын сор басқан. 

Аз ғана сорланған 76,5 мың га, орташа — 63,6 мың га, қатты сорланған 42,4 мың га жер бар. Аудандар бойынша Шардара ауданында — 68 мың га, Ордабасы ауданында — 24,1 мың га, Сауран ауданында — 70,8 мың га, Отырар ауданында — 48 мың га, Арыс қаласында — 28,7 мың га, Мақтаарал ауданында — 63,8 мың га, Жетісай ауданында — 83,2 мың гектар жер сорланып кеткен, — делінген Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Плалов ұсынған ақпаратта. 

Бүгінгі таңда облыс аумағында сор шаю жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен шаруаларға бұл қосымша жұмыс әрі шығын екені анық.

Сор шаймасақ, егініміз өспей қалады. Тіпті бойы да көтерілмейді. Мақтаның өзі де солай. Сондықтан жылда сор шаю жұмысын жүргіземіз. Оған Өзбекстаннан келетін каналдың суын пайдаланамыз. Ол су да кей жылдары уақытылы келмей қалады. Ал, жұмыс кеш басталғандықтан егініміз де кеш шығады. Бұл бізге бір жағынан қосымша жұмыс, әрі шығын, — дейді мақтаааралдық шаруа Ағыт Дүйсенбиев.

Ал, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Асанбай Тағаев аймақтағы дренаждар толық жұмыс істемей бұл проблемадан құтылу қиын деген пікірде.

Наурыз айынан бастап Мақтаарал, Жетісай аудандарында жерасты суы жоғары көтеріледі. Сумен бірге тұз бен сор да жер бетіне шығады. Ал, мамыр айында су төмен түскенде тұздар жер бетінде қалып кетеді. Сондықтан міндетті түрде егістікті шаймаса болмайды. Онда да алқапқа суды толтырып ұстап, кейін ағызып жіберу қажет. Содан соң егістікті терең қопсытып, тегістеу жұмысы жүргізіледі. Кейін фосфор мен органикалық тыңайтқыштар себіледі. Бұрын көң себілетін. Қазір берілмейді. Бұл бүгінгі шаруалардың басты мәселесі болып отыр. Сор шаюдан құтылу үшін аймақтағы дренаждарды толығымен іске қосу қажет. Сонда жерасты суы көтерілмейді. Су жоғары көтерілмегендіктен сор да жер бетіне шықпайды, — дейді Асанбай Тағаев.

Фото: Жер ресурстары комитеті

 

 

Байланысты жаналықтар

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

14.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025
MalimBlocks
Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

Malim.kz редакциясы эколог мамандардың пікірін білді

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады