Үш облыста -1°С-қа дейін үсік күтіледі

2025 жылғы 16 қыркүйек, сейсенбі күні Қазақстанда найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жауын жаууы, бұршақ пен тұман түсуі мүмкін, сондай-ақ үсік жүреді. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, түнде үсік күтіледі:
- -2°С-қа дейін – Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында,
- топырақ бетінде -1°С-қа дейін – Ақмола облысының солтүстік-шығысында.
"Атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз қатты жауын-шашын болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Елдің басқа өңірлерінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашын жаумайды.
"Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал", - деп нақтылады "Қазгидромет" РМК.
Фото: pixabay