457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жел, көктайғақ. Синоптиктер ескерту жасады

11 қалада ауа ластанады

Синоптиктер болжамынша, антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.


— Күндіз атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі. Солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгін Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауа  ластанады.  Синоптиктер қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін деген болжам жасайды. 

Фото: istockphoto.com