Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екінші АЭС Алматы облысында салынбақ

Қоғам
Екінші АЭС Алматы облысында салынбақ
Фото: freepik.com

Қазақстан Үкіметі ел аумағында екінші атом электр стансасын салу жөнінде нақты шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылғы 26 қаңтарда бекітілген Үкімет қаулысына сәйкес, «Екінші атом электр стансасы» ядролық қондырғысының құрылысы Алматы облысының Жамбыл ауданында жүргізіледі.

Аталған құжат «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланып, қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.

Қаулы мәтінінде «Екінші атом электр станциясы ядролық қондырғысының құрылысы мен оны салу аумағы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын белгілеу туралы шешім қабылдансын» деп көрсетілген.

Еске салсақ, 2025 жылдың тамыз айында Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасының құрылысы ресми түрде басталған болатын.

Сондай-ақ өткен жылдың 25 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында атом электр стансасына атау беру мақсатында жалпыұлттық конкурс ұйымдастырылып, оған ел азаматтарынан 28 мыңнан астам ұсыныс түсті.

Конкурс комиссиясының шешімімен алғашқы АЭС-ке «Балқаш» атауы берілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу