80% мұнай және бір құбыр: Ресей бізді осыған мәжбүрледі

Мұнай құбырының бұзылуы – Ресей тарапынан қасақана жасалған әрекет.

Олжас Қасым

  • 25.03.2022

Бірер күн бұрын қатты дауыл салдарынан Каспий құбыр желісі консорциумы істен шықты.  Нақтырақ айтқанда Ресей аумағындағы Новороссийск түбіндегі теңіз терминалы құбырынан ақау шықты делінді.  Бұл Қазақстан үшін негізгі мұнай тасымалдаушы канал.Қазақстандық сарапшылар осының әсерінен мұнай экспорты 3 есе төмендеуі мүмкін деп жатыр. Консорциум өкілдері таратқан мәліметке сүйенсек, танкерлерге мұнай құятын үш қондырғының екеуі зақымданған. Тек біреуі ғана істен шықпаған.  

Ресей орын алған ақауды ретке келтіру үшін шамамен 2 ай уақыт жұмсалатынын мәлімдеді.  Қазір теңіз терминалына жүк тиеу толықтай тоқтатылды.Каспий құбыр желісі консорциумының бас директоры Н.Горбан наурыз бен сәуір айларында мұнай жөнелту мөлшері 5 есеге дейін қысқаратынын жеткізді.  

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр желісі консорциумының істен шығуы отандық мұнай экспортына қатты әсер етпейді деп отыр. Оның айтуынша «қара алтын» экспортының белгілі бір бөлігі объективті себеппен азаяды. Бірақ соншалықты ірі көлемде емес. 

Ал экономист Оразбек Мырзақұлаталған апат Қазақстан экономикасы үшін айтарлықтай шығын болады дейді. 

«Бүгінде еліміздің экспортқа шығаратын мұнайының 70-80 пайызы  Каспий мұнай консорциумы арқылы жөнелтілетіні белгілі. Жөндеу жұмыстары екі айдан да көп уақытқа созылуы ықтимал. Біз тәулігіне 3-4 млн баррель мұнай жоғалтамыз. Мұнай бағасының шарықтап тұрған уақытында бұл біз үшін өте үлкен шығын. Біріншіден, ел қазынасына түсуге тиісті табысымызды ала алмаймыз. Бізде бюджеттің 60-70 пайызы шикізатқа тәуелді. Яғни мемлекетке түсетін табыстың 50 пайызы мұнайдан келетінін ескерсек,бұл жағдай экономикаға үлкен соққы болайын деп тұр. Мұнайдың бір баррелі 120 доллардан сатылып жатыр. Аталған баға   ұзақ уақыт сақталмайтыны да анық», - дейді сарапшы.  

Қазақстандық саясаттанушылар санкциядан санасы сансыраған Ресей осы жағдай арқылы біздің мұнайды Еуропаға шығармауды ойластырып отыр деген пікір білдіруде. Экономист отандық мамандардың алаңдауына негіз бар дейді.

«Меніңше мұнай құбырының бұзылуы – Ресей тарапынан қасақана жасалған әрекет. Қалыптасқан геосаяси жағдайда Ресей өз жоспарын жүзеге асырмақшы. Себебі, ол жердегі құрал-жабдықтың дені негізінен еуропалық.  Олар құбыр консорциумын жөндеу үшін еуропадан құрал-жабдық алуымыз керек дейді. Алайда жағдайды көріп отырсыңдар, Еуропаға шығар жол жабық дегенді алға тартады. Осындай себеп-салдармен олар ақауды жою жұмыстарын соза бермек. Апат әдейілеп жасалмады дегенімізбен, осы ситуация Ресей үшін ұтымды болғалы тұр», деп топшылайды экономист.    

Қазір Қазақстан билігі құбыр жүйесінің бүлінуіне байланысты мұнай жөнелтудің басқа жолдарын қарастырып жатыр. Қазақстан Энегетика министрінің мәлімдеуінше, Каспий мұнай құбыры консорциумына біздің 54 млн тонна мұнайымыз тиелген. Ал мұндай көп мөлшердегі «қара алтынды» басқа бағытқа бұру қиынға соғады. Балама жолдар ретінде Ақтау порты, Самара арқылы өтетін мұнай құбыры, аз бөлігін Қытай арқылы тасымалдауға болады. Өзге бағыттарды қарастыруға уақыт керек.

Оразбек Мырзақұлдың пікірінше, осындай жағдайға Қазақстан ерте бастан дайын болуы керек еді. 

«Каспий мұнай құбыры консорциумына баламалы жол қарастыру туралы ұсыныс 8 жыл бұрын айтылған.  Қазақстан мұнайының 80 пайызын бір құбырға байлау дұрыс шешім емес еді. Ресей бізді мәжбүрлі түрде осындай қадамға апарды. Орын алған апат Қазақстанға басқа бағыттарды  қарастыру керек екендігін көрсетіп отыр. Осы сәтті пайдаланып мұнай экспортын өзге маршруттар арқылы ұлғайтуды қарастыруымыз қажет.

Жақында Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының жиыны өтеді. Қазір Сауд Арабиясы және Иранмен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бізге тиімді бір жол – осы. Аталған елдер өндірісті көбейтуді жоспарлап отыр. Сондықтан мұнай бағасы арзандайды. Олар өздеріне тиімді бағамен өндірісін арттырмақ. Мұнай тасымалында Қазақстан алдындағы тағы бір жол  – Әзірбайжан арқылы экспортқа шығару».

Айта кету керек, біздің мұнайды ең көп тұтынатын Еуропа елдері. Бұл бағытта Қазақстанның 53 млн тонна қара алтыны экспортталады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық банк Катар инвесторларына сатылды

08.10.2024

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

26.09.2024

Үкімет Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге 5,9 млрд теңге бөлді

19.09.2024

Роман Скляр ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту бойынша кеңес өткізді

10.09.2024

Олжас Бектенов мұнай саласының ардагерлеріне марапаттар табыс етті

04.09.2024

Бауыржан Ысқақов: Президент ұсынған заң мүмкіндігі шектелген банктерді азайтады

02.09.2024
MalimBlocks
Қазақстандық банк Катар инвесторларына сатылды

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

Открытие завода обеспечит отечественный рынок высококачественными строительными материалами, такими как керамическая плитка.

Үкімет Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге 5,9 млрд теңге бөлді

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды

Роман Скляр ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту бойынша кеңес өткізді

Оңтүстік өңірлерде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскен

Олжас Бектенов мұнай саласының ардагерлеріне марапаттар табыс етті

Бауыржан Ысқақов: Президент ұсынған заң мүмкіндігі шектелген банктерді азайтады

Қазақстандық банктердің экономиканы қаржыландырғанынан гөрі, тұтынушылық несиеге қарай бағыт алып кеткен