АЭС энергетикалық тапшылықтың алдын алады

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына АЭС-тің еліміз үшін аса қажет екенін, оның экологиялық тұрғыдан тиімді екенін нақты дәлелдерді келтіріп, жұрттың көзін жеткізіп келеді.

  • 28.03.2023

Бүгінде дамыған елдер көмірден бас тартып жатқаны белгілі. Еуропа елдері көмір пайдаланып өнім өндіретін елдерге алдағы уақытта карбонды салықты өкіртіп салмақшы.

Мұндай жағдайда кәрі құрлыққа мұнайын, бидайын, өзге де тауарларын экспорттап отырған біздің елдің де табысы еселеп кемитіні жасырын емес.

Ал осының алдын алу үшін біздер экологиялық тұрғыдан таза энергия көздерін дамытуымыз керек.

Бүгінде елімізде жел мен күн көзінен қуат өндіру ісі біртіндеп болса да жүріп жатыр. Бірақ күн мен желден өндірілген қуат көзі сұранысты толық жаба алмайды.

Бұл қиындықтан біздер АЭС салып қана шыға аламыз. Дәл қазір бұдан басқа оңтайлы жол жоқ.  2035 жылы Қазақстан билігі көмір жағып қуат көзін өндіруді 40%-ға қысқартуды көздеп отыр.

Үкімет осы есепті кезеңде жаңғырмалы энергия көздерінен өндірілетін электр қуатының көлемін 23%-ға, ГЭС-тердің үлесі 7%-ға арттыруды жоспарлауда.

Ал оған дейін елімізде АЭС салынса, бір ғана АЭС елімізге қажетті қуат көзінің 12%-ын өндіріп, энергетикалық тапшылықтың алдын алуға айтарлықтай ықпал ететін болады. 

Бүгінде әрқайсымыз «Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемде алдына қара салдырмайды» деп мақтанғанда кеудемізге нан пісердей болады.

Төрткүл дүниедегі АЭС-терді қажетті отынмен қамтамасыз етіп, бірақ АЭС салып, оның игілігін көрмесек, тонналап уран өндіргеніміздің несі қызық?

Бүгінде Қазақстан изотопты уран өндірісмен айналысатын санаулы елдердің бірі. Өскемендегі Үлбі металургия зауыты іргеміздегі Қытайдың АЭС-теріне дайын отынды шығару ісін бастап кеткеніне біраз уақыттың жүзі болды.

Кейбір экобелсенділер АЭС салуға қарсы әңгіме айтып, халықтың алдында арзан саяси бедел жинап жүргені жасырын емес. Егер олар жан-тәнімен атом энергетикасына қарсы болса, Үлбі металургия заутының жұмысына неге қарсы шықпайды? Осыдан-ақ, еліміздегі кейбір экобелсенділердің негізігі мақсаты саяси ұпай жинап, елге танылу екенін бірден аңғарасың.

Бүгінде Қазақстанда АЭС-ке қажетті отын шығарудың түрлі өндірістік тізбектері жұмыс істейді. Экобелсенділерге салсақ, бәрін тоқтатып, көмір жағып, айналамызды ластап отыруымыз керек екен. 

Қазіргі таңда АЭС те, АЭС-ке қажетті отын дайындау ісі де анау айтқандай қауіпті емес. Сондықтан осындай өндірістік тізбекке ие бола тұра, АЭС салмауымыз үлкен қателік.

Мамандардың айтуынша, АЭС бір жылда шамамен 13 мың тонна қалдық бөлсе, Жылу электр стансалары бір жылда 165 мың тонна қалдық бөледі екен. Ал салмақтап саралай беріңіз. Қайсы қоршаған ортаға қауіпті?

Бүгінде АҚШ-та 99 АЭС жұмыс істеп тұр. Бірақ ешкім Құрама штаттардың экологиясы лас, халқының денсаулығы сын көтермейді деп айтқан емес.

АҚШ-та адамдардың орташа өмір сүру деңгейі – 80 жас. Ал бізде бірде-бір АЭС болмаса да орташа өмір сүру деңгейі – 64 жастан аспай келеді.

Демек біздер құр сөзден қуырдақ қуырмай, АЭС салуға бел буып, білек сыбана кірісуіміз керек. Енді кешіктірсек, алда күтіп тұрған энергетикалық дағдарыстың бетін қайтара алмай, үлкен қиындықтармен бетпе-бет келуіміз мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Депутат Жаңбыршин атом энергиясы бойынша Франция өкілімен кездесті

31.05.2023

АҚШ, Қытай және Ресей: Қазақстанда АЭС салуы мүмкін

27.06.2022

Атомное обнуление. Об АЭС теперь решений нет

03.02.2022

АЭС салатындай Түркияның басына не күн туды?

22.12.2021

«Халыққа жаңа жұмыс орындарын ашқым келеді»

08.04.2020
MalimBlocks
Депутат Жаңбыршин атом энергиясы бойынша Франция өкілімен кездесті

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бүгін Францияның Атом энергиясы жөніндегі өңірлік кеңесшісі Александр Горбачевпен жүздесіпті.

АҚШ, Қытай және Ресей: Қазақстанда АЭС салуы мүмкін

Қазақстанда бірінші Атом электр станциясын (АЭС) салуға төрт мердігерден тізім жасалды. Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атомное обнуление. Об АЭС теперь решений нет

Напомним, ранее риторика властей относительно строительства АЭС, несмотря на то, что в обществе звучала критика, была более категоричной.

АЭС салатындай Түркияның басына не күн туды?

«Халыққа жаңа жұмыс орындарын ашқым келеді»