Агроөнеркәсіп саласына қолдау көбейеді

Кәсіп иелерін  мемлекет тарапынан ұзақмерзімді қолдаудың әдіс-тәсілдері  кеңінен қарастырылды

Malim Админ

  • 23.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында агроөнеркәсіп саласына, ауыл шаруашылығына жеткілікті деңгейде назар аудару керектігін баса айтып, бірқатар тапсырма берген болатын.  


Бұл саладағы қалыптасқан жағдай ел экономикасына ерекше әсер ететініне екпін түсірген болатын. Осы ретте агроөнеркәсіпті дамытып, оны бірнеше жылға субсидиялау тетіктерін әзірлеудің кезек күттірмес маңызды мәселе екеніне тоқталғаны белгілі.  Енді ауқымды міндет-межені атқару  Үкіметтің жауапкершілігінде. 
Іле шала, қыркүйек айының 29-шы жұлдызында  Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің аймақтарындағы ауыл шаруашылығына қатысты  кәсіпорындардың өкілдерімен ауқымды режимде  жиын өткізіп,  агроөнеркесіпті  өрістету бойынша бірқатар мәселені ортаға салды.   
Ең алдымен отандық агроөнеркәсіп кешені саласында еңбек етіп жүрген кәсіп иелерін  мемлекет тарапынан ұзақмерзімді қолдаудың әдіс-тәсілдері  кеңінен қарастырылды.
Сөз алған Үкімет басшысы Бектенов Жолдауда маңыз берілген бизнестің оң нәтиже беруі,  оған жасалатын сүйемелдеу ісіне айрықша назар салынатынын жеткізді. Себебі, осы бағытта ұдайы даму болса,  отандық  азық-түлік қауіпсіздігіне алаңдамауға болады.  “Биыл  Үкімет ауыл шаруашылығына күш салып жатқан  бір миллионнан астам   іскер азаматтарды жұмыспен қамтуды, оларға көмек беруді  жалғастыра береді», - деп мәлімдеді Олжас Абайұлы.
Экономиканың бір бүйірін толырып тұрған маңызды саланы дамытуға елдің әр аймағының қосар үлесі қомақты. Ауыл шаруашылығына қарасты ведомствоның басшысы Айдарбек Сапаров пен СҚО,  Ақмола, Түркістан, Жамбыл және  Қостанай, облыстарының әкімдері өңірлерде жүйелі жұмыстар іске асырылып жатқанын айтты.
Айта кету керек, әсіресе осы жылы Үкімет тарапынан  егін және қамбаға астық құю кедіргісіз болуы үшін керекті қолдаудың  барлығы реттелген. Жеңілдікпен қаражат бөлу мөлшері алғаш рет үш есеге  көбейтілген.  Бұл дегеніміз - рекордтық көрсеткіш болып отыр.  Нақты айтқанда, 580 миллиард теңге қаржы құйылған. Соның нәтижесінде диқандар  жеңілдікпен несие алуға қол жеткізді.  Сыйақы мөлшерін азайту “Бәйтерек” холдингінде коммерциялық қаржыны бөлу кезеңінде атқарылды. 
2025 жылдан бастап  қайта өңдеу бағытында жұмыс істейтін зауыт-фабрикаларды қаржыландыруға  осы  тәсіл қолданылмақ. Агро саладағы бизнеске бюджеттен тыңайтқыш пен тұқым сатып алу, экспорттық көмекке дейін  кез келген сатыда  толыққанды  қолдау болады.
Фото:  agro-in.cap.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

21.02.2025

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

21.02.2025

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

21.02.2025

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

21.02.2025

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

21.02.2025

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты

21.02.2025
MalimBlocks
Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты