457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,5 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 – 512 теңгеден саудаланып жатыр.


Ұлттық банктің 6 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 507,7 теңге. Еуро 558 — 565 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 505 теңге. Еуро 555 теңгеден сатып алынып, 564 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,86 - 6,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,79 теңгеге төмендеп, 504,34 теңге болған.

Фото: Malim.kz