Авиация, теміржол, кеме қатынасындағы кадр тапшылығына назар аудару қажет – Олжас Бектенов, премьер-министр

Үкімет «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу іс-шаралар жоспарын бекітті

Мәди Саматұлы

  • 08.01.2025

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжатта енгізілген 7 бағыт пен 70 қадам жұмыс берушілердің қатысуына және жұмысшы маман даярлау мен қолдауға, техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын арттыруға, еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін дамытуға бағытталған. Жоспарды іске асыруға нақты сектор субъектілері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мен салалық қауымдастықтар тартылған.

Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек заңнамасының, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің сақталуына бақылауды күшейтудің, сондай-ақ, кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатаң мониторинг жүргізуді, соның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырылды. Сонымен қатар лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және тиісті конвенцияларды ратификациялау үшін Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету қажет. 

Көлік саласындағы, атап айтқанда, авиация, теміржол және кеме қатынасы сияқты жоғары технологиялық салалардағы кадр тапшылығы мәселелеріне назар аудару қажет. Көлік министрлігі компаниялармен бірлесіп осы салалар үшін мамандар даярлаудың нақты жоспарын әзірлеу керек, деді Үкімет басшысы.

Агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, ауылдағы мамандарға тартымды жағдай жасау мәселелерін белсенді түрде пысықтап, осы бағытта жаңа бағдарламаларды іске қосуы қажет.

Сонымен қатар, кадр даярлау және қайта даярлау процесіне бизнес те белсенді атсалысуы қажет. Елімізде жұмыс беруші есебінен біліктілігін арттыруға баратын қызметкерлер үлесі тек 6%-ды құрайды. Сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 48%-ға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр бизнесті жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды.

Фото: Malim.kz/Жансерік Күзембай

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды