Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы

Malim Админ

  • 05.05.2025

Үкімет басшысы Олжас Бектенов полипропилен зауыты қызметінің жоспардан тыс тоқтап қалу себептерін анықтап, салдарын жоюды жүктеді.

Полипропилен зауытында өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуы және полиэтилен мен бутадиен шығару жобаларын іске асыру кезеңдерінің созылып кетуі алаңдаушылық туғызып отыр. Мұнда мерзімді бұлжытпай сақтау, өндірістің тоқтап қалу қаупін азайту және басқарушылық тәртіпті күшейту қажет. «Самұрық-Қазына» қоры биыл 15 маусымға дейін KPI зауытының тоқтап қалу себептерін жоюдың нақты кестесін, сондай-ақ Silleno зауытының аяқталу кезеңдері мен мерзімін көрсете отырып, жаңартылған жоспар-кестесін дайындап, ұсынуды тапсырамын. Сонымен бірге биыл 1 тамызға дейін бутадиен жобасы бойынша түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ Премьер-министр қолға алынған мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы заң жобасын қолдады. 

Мұнай-газ бизнесі өкілдерімен өткен кеңесте мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірлеу мәселесі көтерілді. Бұл бастаманы қолдаймын. Энергетика министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және Әділет министрліктері биыл 1 қыркүйекке дейін Үкімет аппаратына тиісті заң жобасын енгізуді тапсырамын, - деп толықтырды О. Бектенов.

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда адамдардың депозиттеріне шектеу енгізілмек

05.05.2025

10 жыл ішінде химия өнеркәсібіне 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады

05.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

Бүгін теңге тағы арзандады

30.04.2025

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

21.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда адамдардың депозиттеріне шектеу енгізілмек

10 жыл ішінде химия өнеркәсібіне 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады

Химия саласында 49 жоба іске асырылып отыр

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

Бүгін теңге тағы арзандады

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады