Елімізде жанармай мен дизель бағасын мемлекеттік реттеуді алып тастамақ

Энергетика министрлігі сол арқылы шетелге заңсыз әкетуді тыйғысы келеді

Мәди Саматұлы

  • 17.01.2025

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге белгіленген шекті бағаларды бекіту туралы бұрын қолданыста болған бұйрықтардың күшін жоймақ. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың бірі. Бұл жағдай, әсіресе көрші елдермен айтарлықтай баға алшақтығына әкеледі.

Мысалы, Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне 205 теңге, Ресейде 288 теңге, Қырғызстанда 385 теңге, Өзбекстанда 489 теңге. Дизель отыны Қазақстанда литріне 295 теңге, Ресейде 355 теңге, Қырғызстанда 427 теңге, Өзбекстанда 528 теңге тұрады.

Мұндағы АИ-92 бензинінің бағасындағы айырмашылық 40%-дан 138%-ға дейін, дизель отынына 20%-дан 79%-ға дейін жетеді. Бұл тапшылықты, саланы жаңғыртудың мүмкін еместігін, отынды әр түрлі заңсыз схемалар арқылы шетелге әкетуге жол ашады, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі баға белгілеудің тұрақты моделі саясатына көшіп жатыр. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы нарықтық теңгерімді құруға, отын тапшылығын жоюға, мұнай өңдеу саласын жаңғыртуды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға бағытталған.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

04.04.2025

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

02.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының ресейлік компанияға сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді