Енді екі жылда Қазақстан құс етімен өз-өзін толық қамтиды

Одан бөлек, экспортқа да шығармақ

Мәди Саматұлы

  • 25.05.2024

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінде 446,9 млрд теңгеге 91 инвестжобаның жалпы пулы қалыптастырылды. Басым бағыттар – ет, сүт, астық өңдеу және жылыжай шаруашылығын дамыту.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 81,6 млрд теңгені құрайтын 43 жоба бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы ет комбинатының құрылысына 800 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Тағы 4 жоба жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге ішінара қаржыландырылды. Қалған жобалар бойынша құжаттар жиналу үстінде.

Қазақстанның Даму банкі арқылы 285 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны қаржыландыру әзірге басталған жоқ. ҚДБ-ның құс шаруашылығы бассейні құс фабрикаларының қуатын кеңейту бойынша 4 ірі жобаны қамтиды, бұл жобалар жалпы алғанда елімізге жылына 200 мың тоннаға жуық қосымша тауық етін береді. Атап айтқанда, Алматы облысындағы «Прима құс» ЖШС (3 кезең жылына 35 мың тонна), Алматы облысындағы «AITAS KZ» АҚ жылына 120 мың тонна, Жамбыл қаласындағы «Алел Агро» АҚ 25 мың тонна және Ақмоладағы «Canadian Chicken Limited» жеке компаниясы жылына 12,5 мың тонна өндірмек. Бұл жобаларды іске асыру мерзімі 2025-2026 жылдарға жоспарланған. 

Қазақстанда құс етін өндірудің жалпы көлемі жылына 328 мың тонна болса, қосымша 200 мың тонна елге осы өнімге импорттық тәуелділіктен құтылып, экспортқа шығуға мүмкіндік береді, деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің хабарлауынша, Halyk Bank-те жалпы құны 78,5 млрд теңге болатын 34 жобаның пулы бар. Қазірдің өзінде 1,4 млрд теңгеге 3 жоба қаржыландырылған. Құны 11 млрд теңге болатын тағы 5 жоба мақұлданды. Қалғандарының құжаты жиналып жатыр.

Бұдан бөлек, кеңесте аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамыту бойынша жобалар қаралды. Бүгінде 41 жоба пулы қалыптасты. Оларды биыл іске қосу үшін 48,6 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет, оның 6,9 млрд теңгесі мал азықтық дақылдарды суару жобаларына бағытталады.

Фото: 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды