Көктемгі егіс науқанында шектен тыс бюрократияға жол берілмейді

  • 18.03.2022

Көктем келе салысымен, ауыл шаруашылығына қатысы бар адамдар жиі еститін бір сөз бар: Көктемгі дала жұмыстары. Бұл өзі жыл бойғы еңбек пен маңдай тердің және бейнеттің зейнетін көрер сәттің алғашқы сәлемшісі сияқты. «Берсең – аласың, ексең – орасың» дегенді есте ерекше сақтайтын кез де осы кез. Жер жырту, тыңайтқыш, техника, жанар-жағар май, тұқым, ауа райы, жауын-шашын, т.б. көптеген факторларды ескере отырып жұмыс істейтін кезеңде аянып қалуға болмайды. Осы мәселеге қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жедел штабтың кезекті отырысқа штаб мүшелері – ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қала мен облыс әкімдерінің орынбасарлары, квазимемлекеттік сектор мен азаматтық қоғам өкілдері түгел қатысты. Отырыста негізгі қаралған мәселе бірінші кещеуте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы екені түсінікті. Сонымен қатар, республиканы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылды.

Министр егістік науқанына дайындық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мәселелері ерекше бақылауда ұстап отырғанын айтады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға Жолдауында көктемгі науқанды сапалы өткізу Үкімет пен әкімдіктердің басымдығы болып табылатынын атап өтті, аграршылардың барлық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету қажет. Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен тұрақты жұмыс жүргізу, проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтау және оларға ден қою қажет. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру және техниканы лизингке беру мәселелерін жедел шешу. Қазіргі жағдайда шектен тыс бюрократия мен әуре-сарсаңға салуға жол берілмейді», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Министрдің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров биылғы егістік алқабының былтырғыдан көп екенін, тиісінше, оған қажетті техника мен түрлі құрылғылардың, өзге де қолдаулардың жоғары екенін атап айтты.

«2022 жылға егіс алқаптарының құрылымы қалыптасқан, жалпы егіс алаңы 23,1 млн га құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 125 мың га артық. Ауыл шаруашылығы техникасы 95% жұмысқа дайын. 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық, тұқым себу жоспардан 100% жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы шамамен 659 мың тоннаны енгізу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,2 мың тоннаға артық. Биыл, сондай-ақ, 659 мың тоннаны енгізу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,2 мың тоннаға артық. Егіс науқанын қаржыландыруды арттыру мәселесі оң шешімін тапты, «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге және азық-түлік корпорациясы арқылы 80 млрд теңге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы тағы 70 млрд теңге бөлінеді», - деді ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі.

Министрдің өзі бюрократиялық кедергілер болмау керек деп тұрғанда, шаруаларды жөнсіз сабылтып, әуреге салып қоюға жол берілмеуге тиіс. Осы ретте облыс әкімдіктерінің атқарар шаруасы да аз болмасы анық.  Қалалар мен облыс әкімдерінің орынбасарлары техниканың дайындығы, қосалқы бөлшектердің, дизель отынының жеткілікті мөлшерде болуы, тұқым себу, өсімдіктерді қорғау, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және фермерлердің көктемгі науқанға дайындығының басқа да мәселелері жайлы есеп берді.

Жиында сөз болған тағы бір мәселе – президенттің тапсырмасына сәйкес әкімдіктердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыру. Бұл отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асады. Ол үшін «айналым схемасын» қалыптастыру керек. Бұл шаруаларға былға деп бөлінген қаражаттың бір бөлігін бағыттау керек. Бұған, әлбетте, облыс, қала әкімдіктері тікелей жауапты болады.

Соңғы кездері отандық өндірісті нығайту, импортты азайту мәселесі жиі сөз болып жүр. Осы мәселені негізге алғанда, отандық өндірушілерді қолдау үшін бұл қорлардың маңызы зор. Әсіресе, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нарыққа араласуына мүмкіндік береді. Делдалдардың нағыз еңбектің иесі – диқандар мен шаруалар еңбегінің толық бағаланбауына әкеп соғатыны жайлы бұған дейін де айтылған. «айналым схемасы» осы мәселені де реттеп отырады деп күтілуде.

Министрдің айтуынша, қазір ауыл шаруашылығы саласын реформалау жүріп жатыр. Әсіресе, бұл салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау процестерін түзету жұмыстарына жіті мән берілуде. Субсидиялаудың жаңа ережелерін әзірлеу процесі жүріп жатыр, бұл процесс алдағы үш жылдық бюджеттің параметрлерін жоспарлау кезінде негізге алынатын тұжырымдамада толық қарастырылады. Бірақ, субсидиялаудың жаңа тетігі енгізу мәселесі келесі жылға қалдырылады. Биылғы барлық қолдаулар АӨК-ні қолданыстағы қағидалары бойынша жүргізіледі.

«Сонымен қатар, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік қолдауды сақтап қана қоймай, күшейту туралы шешім қабылданды», - деді министр.

Демек, қолдау күшейе түседі және оны тиімді жүргізу мәселесі басты назарда ұсталады. Министр облыс, қала әкімдіктеріне жалпы дайындықтың бар екенін, бірақ, деректерді қайта қарап, проблема болса анықтап, хабар беру қажет екендігін ескертті.

Байланысты жаналықтар

Елімізде қандай азық-түліктер қымбаттайды?

23.10.2024

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

23.10.2024

Биыл ауыл шаруашылығы саласына рекордтық қаржы бөлінді – Олжас Бектенов

23.10.2024

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

21.10.2024

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

21.10.2024

Фермерлер Президентке хат жолдады

21.10.2024
MalimBlocks
Елімізде қандай азық-түліктер қымбаттайды?

"Инфляцияны ұмытпағанымыз жөн" деді Серік Жұманғарин.

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,3 теңгеден сатылып жатыр

Биыл ауыл шаруашылығы саласына рекордтық қаржы бөлінді – Олжас Бектенов

Бюджет қаражаты егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені арзандатуға және форвардтық сатып алуға бағытталды

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

Еңбек министрлігі тиісті өзгерісті ашық талқылауға шығарған

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ

Фермерлер Президентке хат жолдады

Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл мол өнім алынған