Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

Сұлу Бөлек

  • 26.03.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен криптобанк құруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қазақстандағы криптовалюта нарығы және оның мәселелері

Перуашев премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда цифрлық активтер саласын ырықтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажетін еске салды.

Депутаттың айтуынша, кейінгі жылдары криптовалюта жаһандық қаржы жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды және қазақстандықтар оны инвестиция құралы ретінде қарастыра бастады.

"Алайда елде мұндай активтерді заңды түрде қолдануға мүмкіндік беретін құқықтық инфрақұрылым жоқ. Оның орнына криптовалютаның айналымына тыйым салынған, бұл криптонарықтың мемлекеттік реттеусіз қалуына, цифрлық капиталдың көлеңкелі экономика мен заңсыз айналымға пайдаланылуына әкеліп отыр. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда криптовалюта операцияларының 90 пайызы заңды алаңнан тыс жүзеге асырылады," – деді Перуашев.

Оның айтуынша, криптовалютаға тыйым салынғаннан кейін көлеңкелі нарық кеңейіп, заңсыз айырбастау пункттері мен "көлеңкелі" схемалар пайда болды. Бұл салық төлеуден жалтаруға, заңсыз қызметтерді қаржыландыруға және азаматтардың криптоаферистер мен қаржы пирамидаларына алдануына әкелді. Сонымен қатар, миллиардтаған теңге көлеміндегі криптовалюта заңсыз түрде шетелге шығарылып, мемлекет бұл транзакцияларды бақылай алмай отыр.

Криптобанк – шешім бола ала ма?

"Президенттің тапсырмасын ескере отырып, бұл саланы реттеудің тиімді құралы – криптобанк құру болмақ. Ол цифрлық активтерді заңды түрде сақтау, айырбастау және бақылау функцияларын атқарады. Мұндай қаржы институттары криптовалюталар заңды айналымға енгізілген алдыңғы қатарлы елдерде дамып келеді және финтех секторының маңызды бөлігіне айналды," – деді Перуашев.

Оның пікірінше, Қазақстанда криптобанктің пайда болуы елді цифрлық қаржы технологиялары саласында өңірлік орталыққа айналдырып, көлеңкелі айналымды азайтуға және салық түсімдерін арттыруға ықпал етеді.

Депутат Екатерина Смышляева да реттеуді өзгертуді ұсынды

Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева да білдірді. Ол Қазақстанда цифрлық активтерді реттеуді қайта қарауды ұсынды.

"Мемлекет басшысы цифрлық активтердің айналымын заңдастыру, криптоайырбастау пункттерінің жұмысын реттеу және цифрлық майнингке инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы алғашқы қадам "Цифрлық активтер туралы" заңның қабылдануы болды. Ол бастапқы кезеңде маңызды рөл атқарды, бірақ содан бері нарық айтарлықтай өзгерді. Қазір реттеуші мен қатысушылар саланың табиғатын тереңірек түсінді. Сондықтан келесі кезеңге көшу қажет," – деді Смышляева.

Депутат өз сауалында:

  • Лицензияланған платформаларда жеке тұлғаларға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын қылмыс деп санамауды,
  • Криптоайырбастау пункттерін заңдастыру арқылы цифрлық активтер инфрақұрылымын кеңейтуді,
  • Цифрлық нарыққа қатысушыларға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық құрамдарын қайта қарауды және жазаны жеңілдетуді ұсынды.

Бұл бастамалар Қазақстанда цифрлық қаржы жүйесін дамытып, көлеңкелі нарықтың үлесін азайтуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты