Мәжілістің мырзалығы. Еуразия экономика одағынан несие алыңыз!

Мәжіліс депутаттары Еуразия экономка одағына мүше елдерінен (Беларусь, Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан) несие алудың жолын тездететін келісімді ратификациялады.

Орал Кайрат

  • 26.04.2023

Бұл келісім бойынша, енді экономика одағына мүше тараптар бір біріне несие алушының несие тарихы, несие есебі, төлем қабілеті, қаржылық құжаттары туралы ақпараттарды өзара бөлісіп, сұрастыра алады.

Бір айта кетерлігі, экономика одағына мүше елдердің тұрғындары бұған дейін де несие алуға құқылы еді. Бірақ, банк пен несие беруші ұйым тарапынан несие алушының құжаттары мен ақпараттарын сұрай алмайтын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымованың айтуынша, енді одақ аясында несие алу мен беру ісі жылдам жүреді. Себебі қаржылық ұйымдардың ақпарат алмасу тетігі реттелді.  

Агенттік төрайымы келтірген дерек бойынша, Еуразия экономика одағының 1 мың 700 жеке тұлғасы Қазақстаннан несие алған.

Жалпы, одақ аясында несие алу жолын жеңілдетуді тезірек жолға қоюды 2021 жылы Ресей Федерациясының премьер-министрі М. Мишустин көтерген болатын.

Еуразия экономика одағына қатысты шаруаға келгенде біздің шенділер жорғасынан жаңылмайды.  

Байланысты жаналықтар

Халыққа берілетін тұтынушылық несиенің шекті сомасы жарияланды

18.07.2024

Банктер қарыз алушылар туралы қандай мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынады

12.06.2024

Жұбайының рұқсаты болмаса, несие берілмеуі мүмкін

20.03.2024

Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

06.03.2024

Жастар үшін кредит беру талабы өзгереді

06.03.2024

Қазақстанда 9 банк жабылады

10.07.2023
MalimBlocks
Халыққа берілетін тұтынушылық несиенің шекті сомасы жарияланды

"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, банкте және микроқаржы ұйымында алынатын кредиттің нақты сомасы көрсетілген.

Банктер қарыз алушылар туралы қандай мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынады

Жоба 2024 жылғы 26 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Жұбайының рұқсаты болмаса, несие берілмеуі мүмкін

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары айтты.

Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

Тіпті кейбірінде проблемалы кредит те бар.

Жастар үшін кредит беру талабы өзгереді

Тек ресми түрде тіркелген табысы болса ғана кредит ала алады.

Қазақстанда 9 банк жабылады

Еліміздегі тоғыз банк жабылу процесінде, тексеріліп біткесін олар ресми түрде жұмысын тоқтатады,- деп хабарлайды Exclusive.kz.