Олжас Бектенов Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесті

Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады

Malim Админ

  • 11.12.2024

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады.

Кездесу Чжан Сяоның Қазақстандағы ҚХР елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орайластырылып отыр.

Олжас Бектенов екі мемлекет басшыларының алға қойған міндеттеріне қол жеткізудегі сындарлы жұмыстарды атап өтті. Соңғы жылдары екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қарым-қатынастарды ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеру тауар айналымын арттыруға, экспортты кеңейтуге және инвестиция тартуға ықпал етеді. Қытай Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып қала береді.

Транскаспий мультимодальды дәлізі бойынша тасымалданатын жүк ағынын арттыру ынтымақтастық әлеуетін ашудың келешегі зор құралы болмақ. 

Өз кезегінде Чжан Сяо жыл басынан бері елдер арасындағы тауар айналымы 12%-ға өсіп, $36,5 млрд-ты құрағанын хабарлады. Сондай-ақ Қытай елшісі Қазақстан нарығына ірі қытай инвесторларының қызығушылығы артып отырғанын айтты, бұл қолайлы бизнес-климатты көрсетеді. 

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
MalimBlocks
18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді