Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Malim Админ

  • 16.05.2025

Отырыста еліміздегі инвесторлар қызметінің өзекті мәселелері, олардың елішілік құндылықты дамытуға қосқан үлесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет бизнес ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру қарқынын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Бұл капиталдың қосымша ағынын қамтамасыз етуге, ресурстық әлеуетті арттыруға және жаңа өнеркәсіп өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді. Премьер-министр экономиканың басым салаларында жаңа жобаларды жүзеге асыру, терең локализациялауды қамтамасыз ету және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту үшін инвесторлармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге баса назар аударды.

Мемлекет басшысы қазіргі геосаяси және экономикалық жағдайда жеке инвестициялар тарту арқылы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру үшін қолайлы орта құру басым бағыт екенін атап өткен болатын. Біз сіздермен Қазақстанда жұмыспен қамтуды арттыруға және терең локализациялауға ықпал ететін жаңа өндіріс орындарын құруға мүдделіміз. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарының әлеуетін ашу және экономиканың басым секторларында серпінді жобаларды іске асыру маңызды. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Қазақстан Үкіметі сындарлы диалогқа ашық және еліміздің дамуына ықпал ететін шешімдерді бірлесіп жүзеге асыруға дайын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыс барысында инвестициялық саясатты жүзеге асыру; денсаулық сақтау және фармацевтика өнеркәсібін дамыту; энергетика, экология және мұнай-газ саласы; еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту; цифрландыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс топтарының баяндамалары тыңдалды. 

«Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, ExxonMobil Kazakhstan Inc. басқарушы директоры Сесиль Ролин, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан республикаларында маркетинг және өткізу жөніндегі директоры Димитрий Пропп, KPMG Caucasus and Central Asia басқарушы серіктесі әрі атқарушы директоры Сәкен Жұмашев, «Химфарм» АҚ бас директоры Адам Алексеюк, Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Хусейн Өзхан сөз сөйледі. Спикерлер алдағы жұмыс экологиялық реттеуді, бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектіні, көші-қон нормаларын жетілдіруге, жер қойнауын пайдалану саласындағы процестерді цифрландыруға, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мәселесі бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуге, денсаулық сақтауға инвестициялар мен технологияларды тартуға бағытталатынын атап өтті.

Инвесторлар көтерген мәселелер бойынша Ұлттық экономика, энергетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары түсіндірме берді. Мәселен, Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту бойынша бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Жергілікті жеткізушілерді қолдауды және оларды қосылған құн тізбегіне біріктіруді көздейтін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң қабылданды.

 Тұрақты бизнес-экожүйені қалыптастыруға бағытталған 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы өзектендірілді. Жобаларды іске асыру кезеңдерін жеңілдететін ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Инфрақұрылымдық қолдау қамтамасыз етілді – инвесторларға арнайы экономикалық, индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтардағы дайын өндірістік алаңдар ұсынылады. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жүктеу және жаңа қатысушыларды тарту үшін ұзақмерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға айтылған мәселелер мен ұсынымдарды пысықтауды тапсырды.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

05.05.2025

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды