Президент Presight.AI компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Тоқаев суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие деді

Malim Админ

  • 13.03.2025

Мемлекет басшысы Presight.AI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстанда өнімділігі жоғары есептеу, цифрлық трансформация және озық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңызын атап өтіп, елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екеніне тоқталды.

Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Технологияны локализациялау және қазақстандық компанияларды бірлескен жобаларға тарту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Presight.AI басқарма төрағасы отандық IT-компаниялардың біліктілік деңгейін жоғары бағалады және олармен ұзақмерзімді серіктестік құруға қатысты ниетін растады.

Сонымен қатар Астана әкімдігімен бірлесе атқарылатын Smart City жобасы талқыланды.

Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект шешімдерін пайдалануға қолдау білдірді. Атап айтқанда, Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында қала қызметтерінің тиімділігін арттыратын ахуал орталығы құрылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық трансформациясына және технологиялық өрлеуіне септігін тигізетін негізгі бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екенін айтты.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

08.05.2025

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

07.05.2025

Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

05.05.2025
MalimBlocks
«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады