Қай ел етті көп жейді?
Қазақстандықтар ТМД елдері арасында төртінші орында тұр.
Былтырғы желтоқсандағы нәтиже бойынша Қазақстанда ет және ет өнімдерінің бағасы 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,4%-ға өскен. Бұл туралы Energyprom.kz жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның ішінде ет пен құс еті 2,9%-ға, шұжықтар 5,2%-ға, ет өнімдері 3,5%-ға қымбаттаған. Нақтырақ айтқанда, құс еті 6%-ға, сиыр еті 2,6%-ға, шошқа еті 2,4%-ға, жылқы мен қой еті 1,2%-ға бағасын арттырған. Жартылай қақталған шұжықтар 6,3%-ға, қайнатылған шұжықтар 4,4%-ға қымбаттаған.
Өңірлер арасында жоғары бағаның ең жоғарғы өсімі Ақмола облысында тіркелді: 6,5%. Одан кейін Атырау (5,9%) және Ақтөбе (5,7%) облыстарында жоғарылаған. Ал алдығы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда Астанада (1,3%) және Ұлытау мен Абай облыстарында (әрқайсында 1,9%) баға көп өспеген.
2025 жылдың 14 қаңтарына қарай Қазақстан сиыр етінің (жамбас бөлігі) бағасы бойынша әлемде 12-орында, ал тауық етінің (филе бөлігі) бағасы бойынша 22-орында тұр. Қазақстандағы сиыр еті бағасы 1 келі үшін 6,8 доллар, тауық еті – 4,5 долларды құрады.
Етті Қазақстаннан да арзан бағада Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Украинадан сатып алуға болатын-ды. Ал Әзірбайжан (1 келі үшін 4,6 доллар) мен Арменияда (1 келісі 7,2 доллар) қымбатқа түскен.
2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы ет және ет өнімдерін тұтыну орта есеппен жан басына 20,5 келі болды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,9%-ға артық.
Қазақтар сиыр етін көп тұтынады. Сиыр етін тұтыну көрсеткіші 4,9%-ға артып, жан басына 6,4 кг жетті. Одан кейін қой еті (1,5 келі), жылқы еті (1,4 кг), тауық еті (1,3 кг) және шошқа еті (806 г) келеді.
2024 жылдың үшінші тоқсанында жамбылдықтар етті көп тұтынған: жан басына 23,6 кг. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға артық.
Жоғары көрсеткіштер Ақмола және Жетісу облыстарында (әрқайсында 23,5 кг), Атырау облысында (22,9 кг), Павлодар және Қарағанды облыстарында (әрқайсында 22,8 кг) байқалды.
Ең аз ет тұтынған Шымкент қаласының тұрғындары: жан басына 15 кг – алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артық. Түркістан (16 кг) және Қызылорда (16,2 кг) облыстары етті аз пайдаланған.
Worldpopulationreview мәліметтері бойынша, 2022 жылы ТМД елдері арасында етті Ресей (11,8 млн тонна), Украина (1,9 млн тонна) және Өзбекстан (1,5 млн тонна) ең көп тұтынған.
Армения да етті ең аз тұтынған елдің бірі еді: 165 мың тонна. Қазақстан төртінші орында тұр: 1,4 млн тонна ет тұтынған.
Алайда маңызды көрсеткіш – жан басына шаққандағы ет тұтыну. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында үшінші орында: 2022 жылы елде әр адам 70,2 кг ет жеген. Одан жоғары Беларусь (94,5 кг) және Ресей (81,7 кг) тұр.
Сиыр етін жан басына тұтыну бойынша Өзбекстан, шошқа етін және тауық етін тұтыну бойынша Беларусь, қой еті мен ешкі еті тұтыну бойынша Түркменстан алда тұр.
Фото: freepik.com