Қайталанатын IMEI-кодтардан ел қазынасына жылда 150 млрд теңге түспейді

Елімізде ұялы телефондардың «ақ», «сұр» және «қара» тізімдері жасалады

Мәди Саматұлы

  • 17.08.2024

Бұл тізімдер елге әкелініп жатқан телефон құрылғыларының жеке IMEI-кодтарында кілтипан бар-жоғына қарай жасалмақ, деп хабарлайды Malim.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Құжатқа сәйкес, желіге тіркелген кезде қайталанатын немесе өзгертілген IMEI кодтары бар телефондар және жаһандық ұялы байланыс жүйесі қауымдастығының (GSMA) ұқсас тізімінде тұрған құрылғылар қара тізімге енгізіледі.

Қазір елге ұялы телефондарды, оның ішінде қайталанатын IMEI-кодтарын әкелудің заңсыз схемалары бар. «Сұр» импорттың бір схемасы елге жалған ұялы телефондарды әкелу. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқоры мәліметтеріне сәйкес, қазір еліміздің ұялы байланыс компанияларының желілерінде IMEI-кодтары қайталанатын 3,7 миллионға жуық абоненттік құрылғы жұмыс істейді, делінген құжатта.

Министрлік мәліметінше, соның кесірінен мемлекет қазынасы тікелей түрлі алым-салық түрінде жылына 100 млрд теңгеден асатын қаражаттан қағылып отыр. Ал осы қызметке ілеспе басқа да салықтарды (ҚҚС, КТС, СН және т.б.) төлемеуді ескерсе, бюджет шығындары 150 млрд теңгегег жетеді.

Сонымен қатар, қайталанатын IMEI-кодтардың болуы құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Ал жаңа механизм арқылы елге заңсыз әкелінген құрылғыларды бұғаттауға болады. Сондай-ақ, мемлекеттің кедендік және салықтық төлемдерден түсетін кірісін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Құжат 2 қыркүйекке дейін жария талқылауда болады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

10.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет

01.05.2025
MalimBlocks
Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет

Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады