457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс Арена» шығындары үшін бюджеттен 41 млрд теңге бөлінбек

«Барыс Аренаға» арналған капиталды шығындарды өтеуге жұмсалмақ

Мемлекеттік бюджеттен шамамен 41 млрд теңге көлемінде қаржы көпфункционалды мұз сарайы «Барыс Аренаға» арналған капиталды шығындарды өтеуге жұмсалмақ, деп хабарлайды Malim.kz Казтаг-қа сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, «Жекешелендіру, коммуналдық мүлікпен басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және соған байланысты дауларды реттеу» бюджет бағдарламасы бойынша шығындар (мың теңгемен):

  • 2024 жыл – 7 653 765,
  • 2025 жыл – 9 637 254,
  • 2026 жыл – 8 522 786,
  • 2027 жыл – 7 582 730,
  • 2028 жыл – 7 582 730.

Жоба сипаттамасында бұл қаражат «сенімгерлік басқарудағы нысандардың шығындарын өтеу қызметтеріне (МЛД "Барыс Арена" нысанының капитальды шығындарына) бағытталатыны көрсетілген.

Қазіргі уақытта «Барыс Аренаны» «Mtex Management» ЖШС басқарады. Бұған дейін дәл осы компания «Астана Арена» және «Алау» стадиондарын жаңғыртуға үкімет резервінен 20,9 млрд теңге сұралды деген ақпаратқа байланысты КазТАГ агенттігіне дейінгі шағым түсірген болатын. Компания бұл мәліметті «жалған» деп атаған, алайда ақпарат ресми қаржылық құжатқа негізделген еді.

Сонымен бірге, Туризм және спорт министрлігі де осы жағдайға байланысты «ақпаратта айтылғандай емес» деген мазмұнда түсініктеме берген.

Айта кетсек, «Mtex Management» компаниясының сенімгерлік басқаруындағы астаналық спорт нысандары – «Астана Арена», «Барыс Арена» және «Алау» мұз айдыны — бойынша бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан да талаптар қойылған еді.

"Барыс" ХК